Қазақша гороскоп 2020


2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал.

Тоқты ұзақ күткен өзгерістерді қабылдауға әзір. Өміріне ене бастаған мақсаттары мен арманының жетегіне ілеседі. Тап қазір тура сізге қызмет ете бастаған кезеңді түсініп, сезінеді. Кәсіби саладағы істер жеміс әкеледі, жаңа бағытта жұмыс істеп, жаңа дүниені меңгереді. Біліктілігін жетілдіреді. Диплом алып, серитификат алып, ол сізге үлкен мүмкіндіктер әкеледі. Жаңа жылда жаңа қызметке баруыңыз мүмкін. Бұрынғы серіктестермен бірге істейтін жұмыс болуы мүмкін. Кәсіби рөліңіз көпшілік алдында болуға міндеттейді. Жастар өзіне жаңа дос табады. Ортақ қызығушылығы бар одақ құрылуы мүмкін. Басқаларында қызметтік роман болуы ықтимал. Қаржы мәселесі тұрақты болады. Отбасылық қарым-қатынас енді сізге маңызды болады.

Торпақ туған-туыстарының проблемасына басқасынан гөрі көбірек алаңдайды. Өзгерістер мен күтпеген оқиғалар мазалайтын болады. Біреудің тұрақсыздығы да мазасын алады. Сонымен қатар тыныш өмір сүру үшін жақын адамдарының ұстанымын қабылдауға тырысады. Жаңа жылда тағдырдың еркесі болады. Бақытты жағдайдағы адамдардың қатарына енеді. Айналасындағылар қызығып, көре алмауы мүмкін. Анда-санда өзі туралы өсек-аяң, сыпсың сөздерді естиді. Осы жыл өз ұстанымын бекітетін жыл. Творчестволық өсу жағынан да, кәсіби жағынан да. Беделді серіктесті өзіне қаратады. Серіктестік қатынас қай жағынан болса да сәттілік әкеледі. Айтылатын сөздер, қойылатын қолдар,парольдер өте маңызды болмақ, солармен өміріндегі маңызды оқиғалар байланысты болмақ. Отбасында жаңа туысқан пайда болады.Демалысқа қатысты сапарлар күтіледі. Жаңа жылда махаббатта жолы болады.  

Егіздер жұмыс бағытын өзгертіп, жаңа мамандықты игеріп, жаңа іс бастағысы келеді. Құмар, адуынды, табанды болады. Кейде алға ұмтылысының белсенділігнің күштілігі сондай, тіпті кейбір адамдар сізден қорқатын болады. Жаңа 2020 жыл өзгерістер мен жаңалықтарға ғана толы болмақ, сонымен бірге өмірдің жаңа кезеңіне жол ашылады. Көбісі көшу идеясымен бірге, оны тіпті жүзеге асыра алады. Көп жол жүреді, сапарға шығады. Жаңа достар пайда болады. Араласатын достары нақты және таңдулы болмақ. Осы жылда мүлікке қатысты мәселе жетістікке әкеледі. Туыстармен байланыс өзгереді. Жаңа жағдайға үйренеді, жаңа жауапкершілікке үйренеді, қосымша міндет жүктеледі. Қаржы мәселесі жақсарады. Жүрегі жаңа махаббатқа дайын болады.   

Шаян кәсіби міндеттерді басты назарында ұстайды. Бұрынғы жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер іздейді. Тәуелділіктен, кәсіби серіктестіктен құтылуға тырысып, бар жағынан тек өзіне ғана сенім артады. Көбісі қосымша ақпаратты қамтып, қажетті бағытта біліктілікті меңгеруге ұмтылды.Материалдық аспект бағыттаушы жұлдыз болады. Бар күшін алдына қойған мақсатын орындауға жұмсайды. Сөйтіп қаржы мәселесін жақсартуда бірқатар жеңіске жетеді. Сонымен қатар жұлдыздар көрінген адамға сенбеуге кеңес береді, адамға ғана емес, мәртебеге, атаққа, қызметке. Бірдемеден көңілі қалады. Жаңа жылда материалдық жағынан табысты ұсыныс түседі. Келісім жасап, рәсімдеп, қосымша табыс табады. Мүлік мәселесі сәтті шешіледі. Сапарлар жақсылыққа жетелейді. Жеке өмірдегі тұрақтылық өзін мықты бекіністе жүргендей сезім сыйлайды.

Арыстан жағдайын жақсартуға, өмірін жөндеп, реттеп, өзгеріс жасауға, үйін жақсартуға тырысады. Көбісі осы жылда көшіп, үйреншікті өмірін өзгертеді. Әлеуметтік мәртебесін ауыстырады. Қсқасы, кез келген жағдай таңсық болмайды. Маңызды сұрақтарды шешуде ішкі түйсігімен таңдау жасайды. Қателік жібермейді. Жоспарларының көбісі орындалады, әсіресе кәсіби салада, жинаған нәрселері мен меңгерген дүниесі іске асырылады. Ішкі дүниесін өзгертетін кезең туды. Көбінесе өзі туралы ойлайды, осы уақыттағы өзінің рөлін, рухани міндеттерін ой таразысынан өткізеді. Көбісі артық салмағынан арылады, жаман әдетінен арылады, өзіне жамандық әкеліп, қинаған жағымсыз адамдардан құтылады. Сонымен қатар ақшасынан да айырылады. Ақша түспей жатып, оны жұмсап тастаумен болады. Сондықтан әмиянын ақшаға толтыру мәселесі өзекті болады. Қимылы шапшаң, таң қалдырарлық және тәуелсіз болады. Сізді түсіну, ниетіңізді ұғу, тәрбиелеу басқаларға қиын болады.

Бикеш өзінің дәстүрлі консерватизмінің салдарынан тым бірбеткей болып көрінуі мүмкін. Өзге адамдар оның ұстанымын, көзқарасын түсінбеуі мүмкін. Бикеш шынайы өмірден алшақ болады. Өзінің ойындағы нәрсеге ғана сенеді. Сонымен бірге өз ойын нақты айта алмайтын және сөзінде тұрмайтын  адамдарды келемеж етеді. Сіз тіпті жанындай жақсы көретін адамдарға да сенбейсіз. Осының бәрі сайып келгенде жаныңызды мазалауы мүмкін. Осы жылы өзгеріс идесын асқан сақтықпен қабылдайсыз. Тіпті үйреншікті өмір салтынан сәл ауытқысаңыз, соған дегбіріңіз қашады. Бірақ алға қойған мақсаттарыңыз, егер оны нақтылап айқындасаңыз, ол батыл және радикалды. Бірақ оны тап қазір жүзеге асыруға дайынсыз ба? Міне, мәселе сонда. Сіз әрдайым өткен күнді ойлайсыз, сондықтан бәрін кейінге қалдыра бересіз. Ал жеке өмірде тек өз ойыңызға сене бермей, қасыңыдағы адамға да сенім артқаныңыз жөн.

Таразы күдік келтірген адамдардан аулақ болуға тырысады. Олардан қашады. Жиі қатал боласыз, мінезіңізді көрсетесіз, бәрінен хабардар екеніңізді және жылдам шешім қабылдауға дайын екенңізді көрсетесіз. Айналаңызда өсек-аяң, жасырын күрес болады. Жеткен жетістігіңіз ұстанымыңызды әлсіретеді, ол қарсыластарыңызға жақсы мүмкіндік беруі береді. Бұл жылы жаңа мамандықты игересіз, бағалы және ұзақ күткен құжатқа қол жеткізесіз. Еркіндікті сезінесіз. Яғни, еркін әрекет жасайсыз. Өз бағдарламаңыздың аясында бірқатар нәтиже көресіз. Қызығушылық танытқан серіктестеріңізбен бірге маңызды жобаны аяқтайсыз. Байланысты бекітесіз, шығармашылыққарым-қатынас орнатып, ыңғайлы серіктестермен жақындасасыз. Жеке талпынысыңыздың арқасында әрдайым еңбектеніп, үлкен жеңістерге қол жеткізесіз. Қаржы мәселесін шешесіз. Отбасылық қарым-қатынас маңызды болмақ. Өзіңіз кезінде басты ереже деп санаған дүниеңізді өзгерте алмайсыз. Оны өзіңіз орнатқансыз. Сондықтан қанша сезіміңіз болса да, еш нәрсе өзгерте алмайсыз, жеке өмірде.  

Сарышаян кәсіби қарым-қатынастарды нығайтып, біліктілік қызметке бар назарын аударады. Әрдайым ізденісте, талпыныста болады, ішіндегі идеяларын жүзеге асырудың бар мүмкіндігін іздейді. Бұрыннан таныс одақтас, ол шетелден болуы да мүмкін, сол адамнан жақсы ұсыныс түседі. Көшу мәселесі де көтерілуі мүмкін. Бірлескен жобаны жүзеге асыру мақсатында жолға көп шығасыз. Бұл жылы өзіңіздің дұрыс әрекет етіп жүргеніңізді дәлелдейсіз. Көп жылғы мақсаттарыңыз айқындалады. Түр-келбетіңіз маңызды рөл атқаратын болады, жеке басыңыздың артықшылықтары да. Өзіңіздің танымалдылығыңыз табыс әкелуі мүмкін. Біреудің көмегінсіз, өзіңіз ғана қол жеткізген дүниеге жұрт көңіл аударады. Өзгелерге үлгі боласыз. Осы жылғы кездесулер тағдырыңызға өзгеріс әкелуі мүмкін. Тіпті бұнда мистика болуы да ғажап емес. Таңғажайып өзгерістер қазірден бастап жүзеге асырыла бастады деуге болады.

Мерген қалтқысыз, өте маңызды қарым-қатынастарды сақтап қалады. Көп нәрсеге тиіскізбей, түрткізбей, сараптамаға салғызбай қызғыштай қорғайсыз. Бұндай ұстаным көптеген мергенге тән болмақ. Бірақ ол отбасында, жұмыста, достарыңыздың арасында қолдау таппаса да... Біреуді ұнатып, соны таңдап алып, жан-тәніңізбен қорғап, жұртқа соны жария етіп көрсетесіз. Әрине, ол жұртқа ұнамауы мүмкін. Жұмысыңызда ережелерді өзгерте алмайсыз, оны сізден пысық адамдар орнатқан. Бәсекелестік артады. Өз ұстанымыңызды әрқашан дәлелдеп, басқа тәсілді де қолданасыз. Жұмысқа қатысты сапарлар күтілуде. 2020 жылы көп нәрсе өзгереді. Қарыс-қатынаста да. Бұрыннан дос болған адаммен жолыңыз айырылады. Туыстар арасында да өзгеріс бар. Біеуді ұзақ сапарға шығарып саласыз. Қаржы мәселесінде бәлендей өзгеріс жоқ. Тұрмыста көп күш-жігер анытуға тура келеді. Сезіміңізді жасыруға мәжбүр боласыз.

Тауешкі  өзіне нық сенімді. Ұтанымыңыз тұрақты және мықты. Бірақ болып жатқан нәрсеге көңіліңіз толмайды. Жақын туыстарға қатысты мәселеге алаңдайсыз. Оларға ақыл-кеңес айтып, қолдау көрсетіп, олардың ниетіне ықпал етуге тырысасыз. Жаңажадайда жиі боласыз, өз бастамаңызбен өмір салтын өзгертесіз. Сіздің өмір қағидаларыңызға бірқатар жаңа норма еніп, ол дос-жарандарыңызбен қарым-қатынасты сәл өзгертеді. Жұмысты сылтауратып, кездесулер мен келіссөздерден қашасыз. Өйткені ол сізге қызықсыз. Мүлікке қатысты маңызды шешім қабылдайсыз. Жоспарыңызды ішке сақтап, түсігіңізге арқа сүйейсіз. Қарыз міндеттемелері алаңдатады. Отбасындағы жасы кіші даммен жақсы түсіністік орнайды. Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Ол асқынуы мүмкін. Отбасылық сыйлық, мерейтой маңызды болмақ. Өткенді ойлап мұңға батасыз. Жүрегіңіз кімге болсын ашық.  

Суқұйғыш өткенде болған оқиғаларды сағынып, өз-өзіне таң қалады. Өзгенің пікірін елемейсіз. Бәріне бір ғана жауап- өткенді сағыну. Ол өз кезегінде алға жылжуға, дамуға кедергі болады. Әсіресе қызметте. Өздігіңізбен әрекет етуге шамаңыз жетпейді. 2020 жылы сізге бетбұрыс қажет. Жұмыста, жұмыс салтында, өмір салтында. Дененің белсенді қимылы ғана сізді кертартпалықтан сақтап қалады. Дене шынықтыру мұңнан арылтады. Бір міндеттемеге ұмтыласыз. Мысалы, шет тілін үйренуге, музыкалық аспапта ойнауға. Шығармашылыққа жаны жақын адамдарды жетістік күтіп тұр. Туысқаныңыздың денсаулығы алаңдатып, соған қарайлайсыз. Тұрмыстық мәселені тез және жиі шешесіз. Байқауға қатысасыз. Романтизмнан аулақсыз. Есесіне, қаржы мәселесі орасан, ол сізді құмартады.

Балықтар өмірінде көп нәрсе өзгеріске ұшырайды. Көбінесе оған жағдайлар ықпал етеді. Жұмыста үлкен бетбұрыс бар. Көбісінің әлеуметтік мәртебесі өзгереді, жаңа қызметке орналасуы мүмкін. Тағы біреулер жаңа одақтастармен қызметке кіріседі, бизнесте, басқа да істерде де. Барлығы  жаңа жағдайға, ережелерге үйренісе бастайды. Қоштасу, туыспен ажырасу орын алуы мүмкін. 2020 жылда өзіне жаны жақын адамды іздеумен болады. Жақсы көрген адамына жақсылық жасауға тырысады. Жоспарланған сапарлар күтілуде. Достардың белсенділігі артады. Әсіресе мұңға батып, көңілсіз күйге түскенде достар белсенді рөл атқарады. Қаржы мәселесі жақсарады. Мүлікке қатысты сұрақ шешімін табады. Жақын адамына көмектесіп жүріп көн нәрсені шешеді. Шынайы сезімін жасырады, қолда барына шүкір етеді.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын алттар

тышқан жылы кімдер үшін сәтті болады

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылда әр жұлдыз белгісінің өз басымдықтары болады. Күтпеген өзгерістерді де ұмытпау қажет. Sputnik Қазақстан танымал астролог Ирина Әбдірайымованың 2020 жылға болжамын ұсынады.

Тоқты

Астролог мәліметінше, жаңа жылда Тоқты белгісінде туған адамдар негізгі үш мәселеге тап болады. Олар – қоғамда өз орнын табу, мансапқа жету және табысты болу.

"Әрине, олар көздеген мақсатына жету үшін тура жолмен жүруі керек. Дегенмен 2020 жылы Тоқтылар шытырман әрі құпия элементтерді іске қосады. Жұмыста сан алуан шиеленістерден алшақ жүріңіз. Әйтпесе, абыройдан айырылуыңыз мүмкін", - дейді Әбдірайымова.

Жылдың екінші жартысында сәттілік серік болады деген болжам бар. Ол үшін мақсат айқын болуы шарт.

Алайда оған жету жолында бір нәрседен бас тартуға тура келеді. Табандылық пен еңбекқорлық өз нәтижесін береді. 

"2020 жылы денсаулыққа қатысты көп проблема болмайды. Бірақ бірдеңе болып қалса, мысалы ота жасалса, Тоқтылар өз энергиясының арқасында тез жазылып, аяққа тұрып кетеді", - деп атап көрсетті астролог.

Торпақ

Бұл жұлдыз белгісі үшін жаңа жыл сәтті болады. Күтпеген жерде алыс сапарға шығуыңыз мүмкін.

Торпақтарды талқыға салады, бұқаралық ақпарат құралдары олар жайында жазуы да мүмкін. Бұл - бизнестің жарнамасын жасауға ыңғайлы уақыт.

"Жылдың бірінші жартысында көп өзгеріс болады. Иә, Торпақтар тұрақтылықты жақсы көреді, өзгерістерді онша ұнатпайды. Дегенмен жаңа жылда оған дайын болу қажет. Сол өзгерістерге өзіңізге де бастамашы болуға тура келеді", - дейді маман.

2020 жылы Торпақтар табысқа кенеледі. Энергиясы артып, өз-өзіне деген сенімі күшейеді.

Оптимизмі мықты болады. Алайда 21-22 күндері туғандар кәсіби тұрғыда қиындыққа тап болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық маман 2020 жыл қандай болатынын айтты

Қателік кесірінен сәуір-тамыз аралығында мансапқа жету жолында проблемалар туындауы мүмкін.

28-і мен 2-сі аралығында туған Торпақтар күтпеген өзгерістерге кезігеді. Бұл өзгерістердің оң әсері де, теріс әсері де болады.

Алыс жолға шықпаған жөн. Шетелдік компаниялармен келісімге отырғанда барынша абай болу қажет.

Ал 8-13 аралығында туғандар бақытқа кенеледі. Бұрыннан бері ойлап жүрген арман-тілектері орындалады.

13-15 күндері дүниеге келген Торпақтардың аты кеңінен танылады.

Егіздер

Басқа жұлдыз белгілеріне қарағанда Егіздер үшін бұл жыл тыныш және бірқалыпты жыл болады. Шипажайға барып, жақсы демалып қайтасыз. Сол жерде жаңа таныстар табасыз.

"Еңбек жолында оң өзгерістер болады. Қызмет бабымен өсуіңіз әбден мүмкін. Жалақы көтеріледі деген болжам бар. Ақшамен жиі жұмыс істеуге тура келеді. Ол кредит пен қарыз мәселесі болуы мүмкін. Осы орайда банктен қарызға ақша алу жағынан абай болған жөн. Сосын, біреуге қарыз беруге асықпаңыз. Себебі ол ақшаны бірден қайтармауы ықтимал", - дейді Әбдірайымова. 

2020 жылы Егіздер өзге біреудің қаржы мәселесімен айналысады. Одан ірі көлемде пайда түседі, я болмаса, үлкен шығын келеді. Жұмысқа көп энергия кетеді.

Шаян

Бұл жұлдыз белгісі үшін оңай жыл болмайды, күрделі өзгерістерден өтуге тура келеді. Оның оң және теріс әсері болады.

Жалпы, өмірді түбегейлі өзгертуге дайын болу қажет. Шаяндарда ішкі трансформация процесі жүреді.

2020 жылы шығармашылық әлеуетіңізді толығымен ашуға мүмкіндік болады. Өзіңізді жаңа қырынан танисыз.

Құмар ойындар, инвестициялар мен бағалы қағаздармен абай болған жөн.

Тағы оқыңыз: Тышқан жылы: 2020 жыл қандай болады?

"Адамдардың уәделеріне көп сене бермеңіз. Сіздің өтінішіңіз орындалмай қалуы мүмкін. Бірақ өзіңіз де көп уәде бермеңіз. Себебі кездейсоқ жағдайларға байланысты айтқаныңызды орындамай қаласыз. Содан шиеленіс туындауы мүмкін. Әсіресе, мемлекеттік қызметте отырған адаммен, сондай-ақ өзіңіздің жеке басшыңызбен арадағы қарым-қатынасқа баса назар аударыңыз", - дейді маман.

13-20 күндері дүниеге келген Шаяндарда жылдың басынан сәуірге дейін, сосын тамыздан жылдың аяғына дейін жасы үлкен кісілермен және басшылықпен қарым-қатынас шиеленісіп кетуі мүмкін.

Айналадағы адамдарға ренжіп, тұйық болып кетуіңіз де ғажап емес. Осындайда бәрін кінәлайсыз.

13-і мен 15-сі аралығында туғандар үшін онша сәтті жыл емес. Жақын адамдардан айырылу мен туыстардың ауырып қалу қаупі бар.

Сот процесі болса, одан ұтылуыңыз мүмкін. Ал 28-2-сі күндері дүниеге келген Шаяндарға сәттілік серік болады.

Арыстан

2020 жылы өзгерістерге дайын болу қажет. Күтпеген жерде жұмыс бабымен көтерілуіңіз мүмкін.

Денсаулық пен гигиена мәселесіне баса назар аударуға тура келеді.

"Осы жұлдыз белгісінің кейбір өкілдері үй жануарларын әкелуге ниет танытады. Соның арқасында күйзелістен құтылуға тырысады. Әсіресе, жұмыста стреске салынбау керек. Өз-өзіне деген сенім төмендейді. Алаңдауышылық жиі болады. Осының бәрі денсаулыққа кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Сол себепті денсаулыққа мән беріп, тамақтану мен күн тәртібін сақтауға тырысасыз", - деді ол.

Жүкті болып қалуыңыз мүмкін. Бала немесе немере сүюіңіз де әбден мүмкін. Қаржы жағынан қиындық туындамайды.

Ал еркек Арыстандар жауапкершіліктен қашпай, үлкен шаруаларды атқарып шығады. Соның нәтижесінде қаржылық жағдайы жақсара түседі.

21-22 күндері дүниеге келген Арыстандар сәуір мен тамыз аралығында энергияның таусылғанын сезеді. Осы уақытта көздеген мақсатқа жету оңай болмайды.

Жұмыста біршама қиындық туындауы мүмкін. Денсаулыққа баса мән берген жөн. Күйгелектік жүрекке кері әсерін тигізеді.

28-і мен 2-сі аралығында туғандар күтпеген оқиғаларға тап болады. Әсіресе, кәсіби қызметте өзгерістер басталады.

Мысалы, басшылық ауысуы мүмкін. Содан жұмыс орнын ауыстыруға тура келеді.

Ал жыл соңында көңіл-күй көтеріледі. Негізі, Арыстандар үшін 2021 жыл әлдеқайда сәтті болады.

Бикеш

"Бұл жыл сан алуан қызықты оқиғаларға толы болады. Бикештердің оптимизмі күшейеді. Амбициясы да күшті болады. Келесі жылы үлкен махаббатқа тап болуыңыз әбден мүмкін. Романтикаға жақын боласыз. Мейрамхана, театр, музей, клуб пен көрмеге жиі барасыз", - дейді астролог.

Оның айтуынша, Арыстандар Бикештер сияқты нәрестелі болуы мүмкін. Шығармашылық бастамаларды іске асыруға, бизнес пен оқыту курстарын ашуға ыңғайлы уақыт.

Құмар ойындарда сәттілік серік болуы мүмкін. Алайда 8-13-і күндері дүниеге келген Бикештерге құмар ойындарға қатыспаған дұрыс, қатты ұтылуыңыз ықтимал.

28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында туғандар күтпеген табысқа кезігеді. Ол махаббат болуы мүмкін. Онда бірден некеге тұрасыз, я болмаса, баспана сатып аласыз.

Бұдан бөлек, жақсы ұтыс немесе қызмет бабымен өсуіңіз әбден мүмкін. Ал 13-15-сі күндері дүниеге келген Бикештер күш-қуаттың артқанын сезеді. Оны ауыр мақсат-міндеттерге жұмсауға болады.         

Таразы

Бұл жұлдыз белгісі жұмыс, үй, отбасы, тұрғылықты жерді ауыстыру, жылжымайтын мүлікті сатып алу сияқты мәселелермен жиі айналысады.

Жанұя құрамы кеңейеді. Бұл дегеніміз, бала туады, я болмаса, үйге келін (күйеу бала) келеді.

Келесі жылы отбасылық бизнес мәселелері де көтеріледі. Бәлкім, дәл сол 2020 жылы ортақ бір кәсіпті бастайсыз. Жаңа үйді бірлесіп салуыңыз да мүмкін.

"Үй мен жұмыс мәселелері бойынша келіспеушіліктер болады. Бірақ осы жолы қоғамға қызмет етуден бұрын үй мәселелеріне көбірек мән беруге тура келеді. Сол себепті басшылықпен түсініспеушіліктер де туындауы мүмкін", - дейді Әбдірайымова.

Артық шығын шығармауға тырысыңыз. Жалпы, ақша жағынан абай болу қажет. Қамқоршылық пен ата-анаға деген құрметті ұмытпаған жөн.

13-20-сы күндері дүниеге келген Таразылар қаңтар мен сәуір аралығында, сосын тамыздан бастап желтоқсанның ортасына дейін психологиялық шаршау мен енжарлықты барынша сезеді.

Жұмыста қателік жіберуіңіз мүмкін, одан сөз естіп қалуыңыз да ықтимал. Сол себепті тым көп шаруа атқарап шығамын деп сөз бермегеніңіз жөн.

Ал 13-і мен 15-і аралығында туғандар үшін одан да ауыр жыл болады. Отбасында түсініспеушілік туындауы мүмкін. Өкпе-наз болады.

Ата-анаға ренжіп, бөлек шығып кетуіңіз ықтимал. Бірақ жылдың соңында бір жеңілденіп қаласыз. Өйткені жағымсыз нәрсенің бәрі артта қалады.                

Сарышаян

"Жаңа жылда Сарышаяндар өздері өзгеріс іздейді. Олар үнемі қозғалыста болады. Біраз шаруаны тындыруға тырысасыз. Сол себепті жаңа таныстар мен байланыстар көп болады. Қосымша білім аласыз, курстарға жазыласыз", - дейді Ирина Әбдірайымова.

Қағазбен көп жұмыс істеуге тура келеді. Құжат рәсімдейсіз, мақала жазасыз. Бәлкім, өз сайтыңызды немесе баспаханаңызды ашасыз. Халық арасында кеңінен таныласыз.

"Жалпы, Сарышаяндар үшін жақсы жыл болады. Ең бастысы, өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Ондай мүмкіндіктер аз болмайды. Алдағы жылдың басты көрсеткіштері – оптимизм, жанұядағы береке және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс. Қала немесе облыс аумағында көшуіңіз әбден мүмкін", - деп атап көрсетті маман.

Тағы оқыңыз: 2020 жылғы атаулы күндер мен мерейтойлар

Іссапар, қаржы салымдары, оқыту мен отбасылық мерекелер үшін сәтті жыл. Алайда 21-22-сі күндері туған Сарышаяндарға сәл қиындау болады.

Сәуірден бастап тамызға дейін сәттілік серік болмауы мүмкін. Сіздің ортаңыздан кейбір адамдар кетіп қалуы ықтимал. Дегенмен сенімді әрі адал адамдар қалады.

28-і мен 3-і аралығында дүниеге келген Сарышаяндар да күтпеген жерден жағымсыз жағдайларға тап болуы мүмкін. 8-13-і күндері туғандар махаббатын кездестіріп, үйленеді.

Мерген

Бұл жұлдыз белгісі үшін ақша, материалдық табыс, жақсы жұмыс жылдың негізгі басымдықтары болады. Күтпеген қонақтар келіп, жағымды өзгерістерге себеп болуы мүмкін.

Мергендер жаңа жылда жеке бизнес ашу жағын ойластырады. Дегенмен қаржы жағынан керемет табыс болады деп айту қиын. Оң нәтиже тек ақшаны үнемдеуден ғана шығады.

"Келесі жылы мекенжайыңызды ауыстыруыңыз мүмкін. Қала немесе облыс аумағында басқа жерге көшесіз. Іні-қарындастың мәселесін шешуге тура келеді. Дегенмен олар да өз қолдауын жасайды. Көлік сатып алу мәселесі көтерілуі мүмкін. "Сабыр түбі – сары алтын" деп, бір нәрсеге басымдық берсеңіз, сөз жоқ, көздеген мақсатыңызға жетесіз. Сізге жауапты іс жүктелуі мүмкін. Оған біраз уақыт пен күш-жігер жұмсауға тура келеді. Алайда оны да абыроймен атқарып шығасыз", - дейді ол.

8-і мен 13-і аралығында туған Мергендер, алдауға түсіп қалмаңыз. Көліктен құжат, телефон, сөмке ұрлануы мүмкін.

Қаржы келісімдері мен биржалық операциялардан алшақ жүріңіз. Ол жерде алаяқтыққа тап болуыңыз ықтимал.

Тауешкі

"2019 жыл онша жайлы жыл болған жоқ. Дегенмен 2020 жылы үлкен бақыт ғаламшары – Есекқырған Тауешкі белгісі арқылы өтеді. Бұл барлық Тауешкіге табыс әкеледі. Бірақ бақытсыздық ғаламшары – Сатурн да осы белгіден тек жыл соңында шығады. Сол себепті жаңа жыл сан алуан оқиғаларға толы болады. Әсіресе, бірінші жартыжылдықта көп өзгеріске дайын болу қажет", - деп атап көрсетті Әбдірайымова. 

Кәсіби қызмет жағынан күрделі өзгерістер болуы мүмкін. Басқа мамандықты игеріп кетуіңіз де ғажап емес. Дегенмен Тауешкіге тән сақтыққа басымдық беріледі.

Күтпеген жерде шығын шығуы мүмкін. Алайда қосымша табыс та болады. Мәселен, жалақы өседі.

13-і мен 20-сы аралығында дүниеге келген Тауешкілерде қаңтар-наурызда және тамыздан бастап желтоқсанның ортасына дейін қосымша жұмыс алуға тура келеді. Бірақ одан қашпау керек.

Себебі бұл алдағы 30 жылға пайдасын әкеледі. Сондықтан дәл осы міндеттерді шешуіңізге қарай болашағыңыз айқындалады.

Ал 8-13-і күндері туған Тауешкілерге өзге адамдардың ықпалы түсуі мүмкін.

Суқұйғыш

2020 жыл жұмбақ пен құпияның жылы болады. Жасырын дұшпандар болуы мүмкін. Өзіңіз құпия кездесулерге қатысып, алыс сапарға шығасыз деген болжам бар.

"Барлық жоспарды орындауға көп энергия кетеді. Суқұйғыштар барлығына өздері бастамашы болады. Спортты қолға алып, өзіңізге де уақыт бөлу керек. Имиджді өзгертуіңіз де әбден мүмкін. Еркіндік шекарасын кеңейтуге деген құлшыныс болады. Интернет арқылы танылатын Суқұйғыштар да болады", - дейді маман.

27-сі мен 2-сі аралығында туғандар көңілге келетін хабарды алады. Осы хабар сіздің өміріңізді өзгертуі мүмкін.

Идеялар көп болады. Бірақ оның бәрін жүйелеп алған жөн. Сапарлар кезінде жағымсыз жағдайлар болуы мүмкін. Туған-туыс пен дос-жаранмен байланыс үзілуі ықтимал.

20-21-сі дүниеге келген Суқұйғыштарға денсаулыққа баса назар аударған жөн. Онсыз ауруханаға түсіп қалуыңыз әбден мүмкін.

Әсіресе, наурыздың ортасынан маусымның ортасына дейін абай болыңыз. Депрессияға түспесеңіз, тез жазыласыз.

Балықтар

Жылдың басы, нақты айтқанда, бірінші тоқсан жайлы болады. Шабытыңыз тасып, мансабыңызға жетесіз. Ондай мүмкіндіктер көп. Сіз оны қалт жібермейсіз.

"Балықтар көбінесе жасырын әрекет етеді. Жаңа жылы дәл осы әдіс оң нәтиже береді. Дегенмен қоғамда ашық түрде әрекет етуге тура келеді. Сонда сізді байқайды, жұмысыңызға баға береді. Соның арқасында қызмет бабымен өсуге мүмкіндік бар, нақты нәтижеге де жетуге болады", - дейді астролог.

Шығармашылық қызметте кездейсоқ жағдайлар болуы мүмкін, күтпеген жерде табыстың көлемі де өсуі ықтимал. Алайда ақшаны жинау қиынға түседі.

Себебі жоспардан тыс шығындар болады. Әсіресе, 13-15-сі күндері дүниеге келген Балықтарды өте жайлы өзгерістер күтіп тұр.

2020 жылға арналған жұлдыз жорамал

23 желтоқсан, 12:48


Фото: astroscope.ru

Әр халық жаңа жыл мен арайлап атқан әрбір таңнан бақыт, шаттық, байлық күтетіні жасырын емес. Жаңалық атаулыдан жақсылық күтетін сол дәстүрмен назарларыңызға келер жылға арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз

Тоқты (21 наурыз - 20 сәуір)

Тышқан жылы энергиясы мен күшін дұрыс бағытқа жұмсай білетін Тоқтыларды жетістікке жетелейді. Ал пайдаланылмаған потенциалдың кері әсері болып, отбасыға, жеке өмірге зияны тиюі мүмкін. Алғашқы жарты жылдық - сәтті кезең. Үлкен жоспарларды осы уақытта бастаған жөн. Астрология идеяларыңызды кейінге шегеруге болмайтынын ескертеді. Ал екінші жарты жылдық тіл табысуда қиындықтар тудыратындықтан, жұмыста сақ болып, жаңа таныстықтар мен даулардан аулақ жүріңіз.

Отбасы мен махаббат

Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас жылылық пен түсіністікке толы болу үшін жұлдыздар Тоқтыларға өзін-өзі ұстап, негативті эмоциясын сыртқа шығара бермеуді тапсырады. Ал жұбайлар арасында кикілжіңге көп әкелетін бірізділікті өмір болмақ. Еркіндіктің жетіспеуінен жанжалдар туындауы ықтимал. Сол себепті, барлық ішкі сезімдеріңізді, жан дүниеңіздегі жайттарды жасырмай ортаға салып отыру керек. 2020 жылы жалғызбасты Тоқтылар өмірлік серігін жолықтырады. Шаңырақ көтеріп, отбасылы болады.

Мансап пен қаражат

Бұл жыл Тоқтылар мансабында жаңа жетістіктерге толы болады. Кәсіби потенциалын кеңінен көрсетіп, жоспарларын жүзеге асыруға таптырмас жыл. Әлеуметтік статусты бекітіп, материалдық жағдайды жақсартуға жол ашылады. Алғашқы алты ай кәсіп бастап, жұмыс ауыстыруға ыңғайлы уақыт. Бұл кезеңде астрология мансаптың өсуіне барынша күш салу жемісті болатынын айтады. Жаздың орта беліне дейін іске асқан жобалар толағай табыс әкелмек. Ал екінші жарты жылдықта жаңа іс бастауға қадам жасамай-ақ қойыңыз. Тек қазан айы сәтті болуы мүмкін. Айтпақшы, бәсекелестікке төтеп беруді естен шығармаңыз. Басшылықпен де қыңыр мінезіңізден таяқ жеп жүрмеңіз. Қаржыңызды күдік тудыратын компаниялар мен жобаларға салмаңыз.

Денсаулық

Денсаулық тұрғысынан Тоқтылар үшін тұрақты жыл болады. Созылмалы дерті бар жандар профилактикалық ем-домға назар аударсын.

Торпақ  (21 сәуір – 20 мамыр)

2020 жыл Торпақтар үшін бір сыдырғы өтпек. Тыныштығымен есте қалатын алғашқы жарты жылдықта жаңа жобалар бастауға ыңғайлы сәт туындайды. Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесі де оң шешімін таппақ. Қоныс аудару, жылжымайтын мүлік сатып алу, құрылыс жұмыстары мен интерьерді жаңартуға тамаша жыл. Ал екінші жарты жылдықта жеке өмірде жаңалықтар болып, жұмыста жетістіктер күтіп тұр. 

Отбасы мен махаббат

Махаббат мәселесінде де Торпақтарды тұрақтылық күтуде. Оларды романтика мен жылы сезім қоршайтын болады. Астрология жеке өмірде тосын жағымсыз жайттар орын алмайтынына кепілдік береді. «Жалғызбасты жандар өз жартысын тауып, отау құрады»,- дейді астрологиялық жұлдыз жорамал. Жүрегіңнің жартысын екінші жартыжылдықта іздеу - дұрыс шешім болмақ. Ал отбасылы жандардың шаңырағы тыныштық пен ізгілікке толады. Алайда, романтика мен жылылықты тепе-теңдікте ұстап тұру үшін жарыңызға көңіл аудару керектігін ұмытпаңыз. Ол сізден мейірім мен қамқорлық күтеді.

Мансап пен қаражат

Тышқан жылы Торпақтарға жұмыста табыс әкеледі. Әсіресе технология саласында еңбектенетіндер өз кәсібінің жемісін көрмек. Олардың идеялары мен жобалары тіпті ғылым саласында жаңалық болуы ғажап емес. Сол сияқты басшылардың көңілінен шығып, әріптестер арасында  беделді боласыз. Торпақтар белгілі бір командада қызмет етсе, жұмысы жақсы нәтижеге жетеді. Ал жаз мезгілінде жоғары жақ өкілдерімен абайлап тілдесу қажет. Себебі, қиыс сөздер кішігірім келіспеушілікке жеткізуі мүмкін. Квалификацияның өсуіне, жаңа профессияны меңгеруге, жұмыс орнын ауыстыруға таптырмас уақыт – желтоқсан. Желтоқсан ай табыс әкеледі.

Денсаулық

Жыл басында созылмалы жүрек-қан тамыр мен психикалық аурулары бар жандарда келеңсіздік болуы мүмкін. Жұлдыздар бұл уақытта денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізетін әрекеттерден аулақ болу керектігін ескертеді. Жүйке жүйеңізге салмақ салмауға, көңіл-күйіңізді тұрақты ұстауға тырысқаныңыз дұрыс. Ал жаз мезгілінің алғашқы екі айында ас қорыту жүйесі сыр беруі ықтимал. Тамақтануда аса сақтақ шараларын сақтаңыз. Рационыңызды пайдалы жеміс-жидектер мен көкөністерге байытыңыз. Майлы тағамдардан аулақ болыңыз. Ал күзде көптеген Торпақтар омыртқа ауруынан зардап шегеді. Оның жағдайын күнделікті жаттығу мен суда жүзу жеңілдететін болады.

Егіздер (21 мамыр – 21 маусым)

Егіздер үшін бұл жыл сүйінші жаңалықтарға толы болады. Көптеген өзгерістер болғанымен, олар тек жақсылыққа бастайды. Жұлдыздар өмірдің жаңа кезеңіне қадам басуға қорықпауға шақырады. Бұл белгідегілер қыңыр мінезден сақтану қажет. Егіздер өздерінің тез тіл тапқыштықтарының арқасында өз істерін дөңгелетіп, қызметте беделге ие болады.

Отбасы мен махаббат

2020 жылы жеке өмірдің жаңа парақтары ашылады. Алғашқы қадам жасаудан және романтикалық жақындықтан қорықпаңыз. Жалғызбасты жандар өмірлік серігін жолықтыруға мүмкіндік бар. Ол адам сіздің айналаңызда жүруі де мүмкін екенін естен шығармаңыз. Романтикалық іздеу салуға қараша мен желтоқсан айлары дәл келеді. Ал өз теңі бар жандар күдік пен қауесеттерге ермей, өз махаббатарына сенім білдіргендері абзал. Қарым-қатынасты бұзуға асықпай, ақ-қарасын айырып алыңыздар. Отбасылы Егіздер сүйген жарыңызға сезіміңізді жиі білдіріп тұрыңыз.

Мансап пен қаражат

Сөз басында айтқандай, егіздердің қызметтік саласында жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Қызметте өсіп, табысты боласыз. Одан бөлек, жоғары жалақысы бар қызмет табуыңыз мүмкін. Сол сияқты өзіңізді басқа профессияда сынап көруге жүрексінбеңіз. 2020 жыл экономикалық және қаржылық тұрғыдан пайдалы болады. Тышқан жылы жақсы кіріс әкеліп, пайда түсіруге таптырмас жыл. Өз кәсібіңізді ашуға болатынын ұмытпаңыз. Сонымен қатар, даулы сауалдар туындағанда өз жақындарыңыздың ақылына құлақ түрудің пайдасы болатынын ескертеміз. Әсіресе, үлкендер жағынан жақсы шешімдер туындайды.

Денсаулық

Жыл басында егіздер үшін денсаулық мәселесі туындамайды. Тіпті, созылмалы дерттерді ұмытуға да болады. Әрдайым салмақты қалпыңызды жоғалтпай, кез келген мәселені эмоциясыз шешуге тырысыңыз. Өз рационыңызға сақ болып, ащы және тәтті тағамдарды аз пайдаланыңыз.

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

2020 жыл Шаяндардың ісі өрге басады. Жаңа жетістіктерге толы жыл болмақ.  Табысқа жету үшін табандылық пен төзімділік керек. Ең бастысы, бақытты болашаққа сену қажет. Бұл жыл өзін-өзі дамытуға, талантыңызды көрсетуге жақсы мүмкіндіктер ашады. Ішкі потенциалыңыз бен қабілетіңізге ерекше мән беріңіз. Өзіңіздің дамуыңызға ықпал ететін адамдармен араласқаныңыз жөн.

Отбасы мен махаббат

Тышқан жылы екінші жартыңызды іздеуге және махаббатта тұрақталуға жақсы кезең. Алайда, бұл жылы отбасын құруды жоспарламаған дұрыс. Жылдың басы мен аяғы жалғызбасты Шаяндарға сәтті болмақ. Олар болашақ жарымен танысуға мүмкіндік алады. Ал отбасылы Шаяндар жұбайына көбірек көңіл бөліп, жылы сөздерін жиі арнап отырса игі. Ол араға түсетін сызаттан сақтап, неке беріктігіне кепілдік береді. Әйтпесе, құдай қосқан жарыңыз айналасына көз тігуі мүмкін.

Мансап пен қаражат

Ақ тышқан жылы жаңа мансаптық таныстықпен басталады. Кәсіпкерлерге оның пайдасы шаш етектен. Алайда, жұлдыздар кез келген таныстыққа сене беруден сақтанып, қызметтестердің жұмысына аса кіріптарлықпен қарауды ұсынады. Абайламасаңыз, алдау мен алаяқтық орын алуы мүмкін. Ал басшылары бар жұмыскер-Шаяндар жоғары жақ өкілдерімен келеңсіздік туындамау үшін дау-дамайдан алыс болып, барынша өз қызметіне адал қарағаны жақсы. Желтоқсан айы кәсіби қиындықтар әкелуі мүмкін, сол себепті жақын жандарыңыздан көмек сұраңыз. Ал қызмет ауыстырғысы келетіндер екінші жарты жылдықты күткендері абзал. 2020 жылдың басы қаржылық жағынан тұрақтылық әкеледі. Ал күз мезгілінде Шаяндар сатып алуға көп қаржы жұмсауы мүмкін. Қиындықтарға тап болмас үшін өзге кіріс көзіне назар аударыңыз.

Денсаулық

Тышқан жылында Шаяндар денсаулығы керемет болады. Созылмалы дерті бар жандарға мереке қарсаңында өз режимін бұзбауға кеңес береміз. Артық тамақтану мен эмоционалды күш салу дерттің асқынуына алып келуі әбден мүмкін. Ал қараша мен желтоқсан айында стресс пен ұйқысыздықтан сақтаныңыз. Болмашы нәрселерге ашулана берудің қажеті шамалы. Кешенді дәрумендер қабылдайтын кезең сол жылдың аяғы болмақ. Ол иммунитетті көтеріп, ағзаның күйзелістерге беріктігін күшейтеді.

Арыстан  (23 шілде – 23 тамыз)

2020 жылы Арыстандар үшін өзгерістерге  толы болады. Бірақ ол жайттардың барлығынан пайда күтудің қажеті шамалы. Қызмет саласында қырағылық пен аса сақтық танытқан дұрыс. Егер өсу болып жатса, керітартпалықтан сақтаныңыз. Өз кәсібіңізді  бастауға да таптырмас жыл. Сонымен қатар, отбасыңызды, жақын жандарыңызды ұмытпай, жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Егер басыңызға қиын іс түссе, сол жандар алғаш болып көмек қолын созбақ.

Отбасы мен махаббат

Махаббат аралы Арыстандар үшін келеңсіздік тудыруы ғажап емес. Себебі, өз сезімін билеп, жүрегіне жақын-ау деген адамдармен ортақ тіл табысу қиынға соқпақ. Оған күдік, шешім шығара  алмау, үрей сияқты сезімдер өз әсерін тигізбей қоймайды. Жүрегінің жартысы жоқ жандар өз қалауын кездестіруге мүмкіндік жоқтың қасы. Сүйікітісі барлар азын-аулақ кикілжіңге ренжісіп қалмай, барынша шыдамдылық танытқаны абзал. Ондай дау-дамай жыл соңына дейін жалғасып, желтоқсан айында қарым-қатынасқа тұрақтылық кіреді. Көптеген Арыстан отбасыларда дағдарыс орын алуы ықтимал. Осының зардабынан жанұялы жандар ажырасуға дейін барып жатады. Жыл соңында мұндай жайсыздықтардың бұлты сейіліп, отбасыларға береке кіреді.

Мансап пен қаражат

Тышқан жылы Арыстандардың қызметтік мансабын қызықтарға толтырмақ. Ақпаннан мамыр айына дейін істері оңғарып, биік белестерді бағындыру мүмкіншілігі жоғары. Өткен жұмыс кестесіндегі жайсыздықтарды шешуге әбден болады. Алайда жұлдыздар арыстандарға әріптестерімен ашық әңгімеге баруға кеңес бермейді. Себебі, оның арты ішінара ірткі салуға дейін жетуі ықтимал. Маусым айнының басы мен тамыз айында жұмысқа ерекше ден қою керек. Әр шешім шығарарда ситуацияны жіті бақылаудан өткізіңіз. Бұл кезеңдегі жіберілген қателіктің арты оңдырмайды. Қыркүйек кәсіпкерлерге керемет уақыт. Арыстандарда қаржылық мәселесі тұрақсыздық сипат алады. Астрология ақша жағына аса сақтықпен  қарауды ұсынады. Жаз уақытында шығындалудан сақтаныңыз. Ал күз мезгілінде кіріс көзі кеңіп, қазынаңыз молаюы мүмкін.

Денсаулық

Келер жылы Арыстандардың денсаулығы сыр бермейді. Ал жүрек-қан тамырында қиындықтары бар жандар күз айларында жағдайының біршама жақсарғанын байқайды. Жаз уақытында инфекциялы аурулар өршімес үшін сақ болыңыз. Яғни, жеке гигиеналық қағидаларды жіті бақылап, сырқаты барлардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Ақыл-ойға салмақ салынатындықтан, шаршау мен күйзеліс кезеңдері де өтуі мүмкін. Салауатты өмір салтын сақтау артықтық етпек емес.

Бикеш (24 тамыз – 23 қыркүйек)

2020 жыл Бикештер үшін қолайлы өтеді. Жылдың басы жайсыздау басталғанымен, әрмен қарай позитивті тенденция болмақ. Екінші жартыжылдық жаныңызды нұрға бөлеп, жүрегіңізді жылылыққа толтыратын кез. Алайда, бұл жұлдыздағыларға өз күшіне сеніп, төзімділік танытып, ерік-жігерін сарп етуге тура келеді. Оңай жерде табыс пен кіріс жоғын естен шығармаған абзал. Әңгімелесу мен жеке қарым-қатынаста Бикештер тұрақтылыққа ие болады. Олар айналасындағылармен жақсы тіл табысып, өзіне қолайлы атмосфера қалыптастыра біледі. Бұл ішкі тыныштық пен гармонияға жетеулеші негізгі фактор.

Отбасы мен махаббат

Тышқан жылы Бикештердің жеке өмірде жолы болады. Олар көптен күткен махаббаттарын кезіктіріп, махаббат бесігінде тербеледі. Десе де, астрология мұндай кезде басыңызды жоғалтып алмай, жалынды сезімнің өртіне күймей, әрбір қадамыңызды аңдап басуға шақырады. Олай болмаған жағдайда, оқуыңызға не жұмысыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Жалғызбасты Бикештер өз теңін табуға жаз мезгілінің ортасы мен жылдың соңғы уақытын сәтті пайдаланса құба-құп. Сол сияқты келер жыл шаңырақ көтеруге жол ашатын сәтті жыл болмақ. Ал отбасылы жандарда көптеген келеңсіздіктер қаржылық мәселеден туындауы ғажап емес. Сабырлылық пен салқынқандылық қос серігіңіз болсын.

Мансап пен қаражат

2020 жылы Бикештердің қызмет бабында алаңдауға себеп туындауы мүмкін. Олардың жасап жатқан жұмысын басшылық бағаламай жатқандай сезімдер бар. Алайда, мұндай іріткі ойлардан сақтанып, қызметке шын кірісіп көріңіздер. Жұлдыздар мамыр және маусым айынды Бикештерді ұстамды болуға шақырады. Сондай-ақ, кәсіби ортада жылы қарым-қатынас орнатып, сенімділікті жоғалтпау керектігін ұмытпаңыз. Жыл басында Бикештер қаржылай кіріске көңілі толмаушылық байқалады. Алайда, шыдамдылық танытып, қажырлы еңбектене берсе, күз мезгілінде жақсы табысқа кенелуі мүмкін. Қазан айының басы мен қараша айында астрология Бикештердің шығындарына есеп беруін талап етеді. Көзсіз ақша жұмсау көп кедергілерге жеткізеді.

Денсаулық

Алғашқы екі айда Бикештер өмірлік тонусына көңілі толмай, әлсіздікке бой алдырады. Бұл уақытта тұмау мен суық тию секілді ауруларға жол беріп қоюыңыз мүмкін. Жұлдыздар көбірек демалып, салауатты өмір салтын сақтануға кеңес береді. Әрдайым иммунитет көтеру арқылы, қажыр-қайратыңызды жоғалтпай, маңызды шаруаларыңызды жасай аласыз. Жыл соңы асқазан-ішек жолдарында дерті бар жандарды  мазалауы мүмкін. Бикештерге экзотикалық асхананың тамақтары жақпауы мүмкін.

Таразы (24 қыркүйек – 23 қазан)

Таразылардың өмірінде жаңа мүмкіндіктер ашатын түрлі өзгерістер орын алмақ. Жұлдыздардың ізденіп, жақсылыққа ұмтылғандарға керемет марапаты бар. Жылдың екінші жартысы жаңа бастамалар, шығармашылық жетістіктер мен кәсіби ізденістерге толы болады. Тышқан жылында жұмысқа басымен кіріп кеткен Таразыларға отбасы, туған-туыстарды ұмытпау керектігін ескертеміз. Жақындармен болған жылы әңгімелер үй ішіне ырыс-береке кіргізіп, бақытқа жетелейді.

Отбасы мен махаббат

Таразыларды жаңа жылда күтпеген махаббат оқиғалары тосып тұр. Дегенмен, оған жету оңай болмақ емес, алдан кезігер қиындықтар мен кедергілерді артта тастағанда ғана шын бақыттың есігі ашылады. Жалғызбастылар сезімнің құшағына еніп, алғашқы алты айлықта ғашықтықтың ғаламатына бөленуі мүмкін. Бірақ, бұл сезім сәттілікке жеткізбей, көңіліңізге сызат түсіруі ғажап емес. Сол себепті, жүрегіңізді абайлап ұстаңыз. Ал отбасылы Таразылардың шаңырағында алауыздық орын алса, жұбыңыздың пікірімен санасып, өз эмоцияңызды берік ұстауды қолға алыңыз. Сол сияқты мәмілеге келіп, жақындарыңыздың сөзіне құлақ асып, балаларыңыздың талап-тілектеріне назар аударыңыз. Тышқан жылы Таразылардың жанұясына жылылық сыйлайды.

Мансап пен қаражат

2020 жылы Таразылардың жұмысында тұрақтылық болады. Жыл басында өте жауапты тапсырма келуі мүмкін. Оның қиындығына шыдап, табанды еңбектене білсеңіз, міндетті түрде абыройға кенелесіз. Өзіңіздің жемісті жұмысыңыздың арқасында басшылықтан жақсы сөздер еститін боласыз. Ал кейбір Таразылар мансабында өсу болады. Әрине, мұндай жетістікке даңдайсып, тоқмейілсініп кетпеңіз. Әрбір қадамыңызды аңдап басқанда ғана, өз ортаңыздағы беделіңізді сақтай аласыз. Әйтпесе, шалыс қимылыңыз, таяқ болып тиюі ғажап емес.

Күз мезгілі жаңа білім игеріп, квалификация жоғарлататын жақсы мүмкіндік тудырады. Тышқан жылы қаржылық жағынан тұрақты өтеді. Көктемде жалақыңыздың өсетініне қатты сеніп қалмаңыз. Астрология сатып алуға аса сақтықпен қарауды ұсынады. Отбасылық бюджетті мұқият жоспарлап жүріңіз.

Денсаулық

2020 жылдың алғашқы күнінен бастап Таразылар күш пен энергияға байи түседі. Ағзаның мықтылығы қыс мезгілінде суық тиюден сақтайды. Бірақ, көктем соңында аздаған әлсіздік басып, белсенділігіңізге кері әсер етуі мүмкін. Сол себепті, осы уақыттары демалысқа көп көңіл бөліңіз. Жыл соңында жүйке жүйеңізге салмақ салудан аулақ болыңыз.

Сарышаян (24 қазан – 21 қараша)

2020 жыл Сарышаяндар өміріне тосынсыйлар мен ауыс-түйістер дайындап отыр. Іскерлік салада өрлеу болғанымен, жеке қарым-қатынастарда келеңсіздіктер мен қиындықтар туындауы мүмкін. Астрология оптимизм тетігін қосып, өзгерістерге дайын болуға шақырады. Бұл жыл бұрыннан ойыңызда жүрген жоспарларды іске асыруға көмектеседі. Құлшыныс мен  тапқырқылық кез келген бастамаңызда табысқа кенелтеді. Сонымен қатар, сырттан келетін қолдауға да назар аударыңыз. Күн тәртібін дұрыс жоспарлауды әдетке айналдырыңыз.

Отбасы мен махаббат

Жалғызбасты жандар үшін Тышқан жылы қиындық алып келуі мүмкін. Олар жартымды табам деп аздаған қолайсыздыққа кезігеді. Шалт мінезділік пен қызбалылықтан аулақ болыңыз. Жылдың келесі бөлігі көптен күткен сүйіктіңізбен танысуға мүмкіндік жасайды. Әрине, алдымен қадамды өзіңіз жасайтыныңызды ұмытпаңыз. Ал махаббатын кезіктіргендер жылдың соңына қарай отбасын құруы мүмкін. Отбасылы жандар үшін көктемнің ортасы шиеленіске толы болуы ықтимал. Жұбайыңызға барынша көңіл бөлу арқылы шаңырағыңыздың шайқалмауын қадағалай аласыз.

Мансап пен қаражат

Іскерлік салада Сарышаяндарды жетістік күтіп тұр. Алғашқы күннен бастап, жаңа идеялар мен жоспарларды жүзеге асыруға асығасыз. Жұлдыздар өз кәсібіңізді бастауға жақсы жыл екенін ескертеді. Күз мезгілінде жұмысқа аса ден қою арқылы жақсы жетістікке жете аласыз. Ал жылдың соңында іскерлік салада жаңа таныстықтар болады. Сарышаяндар бейнетқорлығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында кіріс көзін ұлғайтады. Мұндай табыс жылжымайтын мүлік сатып алуға итермелейтін болады. Ең бастысы, жалқаулық пен еріншектікке бой алдыра көрмеңіз.

Денсаулық

2020 жылы Сарышаяндарда қалжырау, шаршау, ұйқысыздық сияқты келеңсіздіктер болуы мүмкін. Бұл күн тәртібін дұрыс жоспарламаудан және ағзаға қажетті дәрумендер жетіспеушілігінен туындайды. Жұмысқа басымен кіріп кеткендер тез арада демалысқа мән бермесе, соңы денсаулығыңызға келген үлкен залалмен аяқталуы ғажап емес. Көктем ортасына қарай апатия мен күштің сарқылуы сезіліп, жұмысқа деген қабілетіңіз құлдырайды. Күз мезгілі бір қарқында өтеді.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

2020 жылы Мергендерді тосын жайттар күтіп тұр. Олар өздерінің оптимизм мен табандылығының арқасында барлық сәтсіздіктен пайда көретін болады. Өз жолында кездескен бөгеттерді бағындырудан ләззат алатын Мергендер жетістікке жеткенше тынбайды. Астрология іскерлік салаға көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Қажырлылық пен жігерлілік оң нәтижеге жеткізетін болады.  Кәсіп саласында жаңа тәлімгер мен серіктес жандар пайда болуы мүмкін.

Отбасы мен махаббат

Тышқан жылы Мергендер үшін өмірлік серігін кездестіріп, отбасын құрып, не балалы болуға ыңғайлы уақыт. Бақыттарын іздеуші жандарға екінші жарты жылдық сәттілік алып келеді. Ал қыз-жігіт боп жүргендер үшін тұрақсыздықтың желі есіп, қарым-қатынастарының берекесін алуы мүмкін. Бірақ, ондай жайсыздықтың бұлты сейіліп, ымыраға келетін күн алыс емес. Отбасылы жандар интимді сфераға көп көңіл бөлсе  болғаны. Туысқандар арасында Мергеннің ойын қолдамайтындар пайда болатындықтан, олар жақындарынан алыстай түседі. Жақын жандар арасындағы қарым-қатынастың дағдарысына қатты алаңдаудың қажеті шамалы. Бәрі өз уақытымен ретке келетін болады.

Мансап пен қаражат

Жұлдыздар Мергендердің жаңа нәрсені үйренуге көңіл бөлгенін қалайды. Оларға жаңа кәсіпке бой үйрету ешқандай қиындық тудырмақ емес. Бұл Мергендердің баянды болашағына куәлік етеді. Іскерлік салада биікке өрлеу табанды әрі құлшынысы жоғары Мергендердің қолынан келеді. Жыл басында жаңа жұмыс іздеуге жақсы мүмкіндік бар. Ал шығармашылықтағылардың шабыты шалқып, Тышқан жылында көптен күткен идеяларын жүзеге асыруға болады. Бұл жылда Мергендер үнемді болып, келер уақытта іске асыратын жоспарларына қаржы жинай бастайды. Екінші жартыжылдықта қаржылық жағынан тұрақты болады. Әрбір шығынды саналы түрде жоспарлап үйреніңіз.

Денсаулық

Жыл басы Мергендер денсалуығынан проблема іздемейтін уақыт. Ал екінші жарты жылдықтықта созылмалы дерті барлар сақтық шараларын жүргізгені жақсы. Қараша мен желтоқсан айы эмоционалды тұрғыдан ауыр жүк болуы мүмкін. Соның кесірінен шаршау мен ұйқысыздыққа тап боласыз. Жүйке жүйеңізге көбірек салмақ салудан аулақ болыңыз. Уақтылы демалыс артықтық етпейді.

Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)

Тышқан жылы Тауешкілер үшін жемісті жыл болмақ. Жоспарларыңыз сәтті түрде жүзеге асады. Тауешкілер әр істен пайда көретін қасиетке ие. 2020 жылы сізді мол табыс күтіп тұр. Іскерлік қызметте өсу бар. Тек табандылық пен төзімділік таныта біліңіз. Бағытын дұрыс жолға қойғандар жетістікке жетеді.

Отбасы мен махаббат

Жалғызбастыларға өткен махаббатын ұмыту керек. Олармен қайта табысуға ұмтылудың еш қажеті жоқ. Астрология жаңа таныстыққа жету үшін өткен сезімнен арылу керектігін ескертеді. Жұптағы жандар қызғаныш пен ұрыстарға жол беруі ықтимал. Тауешкілердің сүйіктісіне деген күдігі күннен күнге өсуі араға сызат салады. Жөнсіз күмәндардан арылып, махаббатыңызға сенім білдіріңіз. Отбасылы жандарды жағымды эмоциялар күтіп тұр.

Мансап пен қаражат

2020 жылы жұмыс орнын ауыстыруды жоспарлағандардың жұлдызы жанады. Бірақ, бұл сәтті уақыт көктем және жаз айлары болуы мүмкін. Өз қабілетін барынша ашатын қызмет сізді тосуда. Келесі жарты жылдықта әріптестеріңізбен сырласа бермегеніңіз жақсы. Себебі, артық ашықтық дұшпандарыңыздың санын артуға сеп болуы ғажап емес. Жыл бойында Тауешкілер үшін әлеуметтік жағдайды көтеріп, кірістің көлемін өсіруге жақсы мүмкіндіктер пайда болмақ.  Жұлдыздар қосымша табыс көзінен гөрі, өзіңіздің басты жұмысыңызға мән беруді сұрайды.

Денсаулық

Тауешкілерге өзінің денсаулығы жөнінде алаңдаудың қажеті жоқ. Олар өздерін биылғы жылдан гөрі жақсырақ сезінері анық. Спорт пен интенсивті физикалық жаттығулар сіздің жаныңызды жайландырары хақ.

Суқұйғыш (20 қаңтар – 19 ақпан)

Суқұйғыштар 2020 жылы табысқа жету үшін барынша күш жұмсап, табанды жұмыс істей білуі керек. Ал іскерлік қызметте сақтық шаралы ауадай қажет. Себебі, кішкене қателіктің арты үлкен дауға ұласуы мүмкін. Қиындықтар толқыны эмоционалды тұрғыдан күш салып, жүйке жүйені зақымдауы ықтимал. Сол үшін Суқұйғыштар жұмыс кестесін дұрыс құрып, болар-болмас келеңсіздікке ашулана беруден сақтануы қажет. Тышқан жылы жеке өмірде жаңа таныстық алып келеді. Оның соңы көптеген бақытты оқиғаларға ұласып, керемет тосынсыйларға кенелетін уақытқа жеткізеді.

Отбасы мен махаббат

2020 жылы Суқұйғыштардың өмірі романтикаға толы болады. Олар сүйіктісімен қарым-қатынасын нығайтып не өмірлік серігін кезіктіреді. Жалғызбасты жандар міндетті түрде өз махаббатын таппақ. Олардың көтерген шаңырағы шаттық пен бақытқа толы болады. Отбасылы Суқұйғыштарға жұлдыздар зеріктіргіштіктен сақтануға кеңес береді. Бірізділікті тіршілік олардың жанұялық өмірін жансыздандыруы ықтимал. Ара-тұра жалғыздықты жаны сүйетін отбасылы Суқұйғыштар жақындарынан көп көңіл бөлуді талап етуі мүмкін. Олардың қалауы болып, шаңырақ іші шынайы сезімдерге толады.

Мансап пен қаражат

Қызмет саласы Суқұйғыштардан ерен ерік-жігер мен қажырлы қайратты талап ететін болады. Бұл жыл жалқаулық пен демалатын кезең емес. Астрология өз амбициясын көрсетіп, күш салатын жұлдыз белгісіндегілер ғана табысқа жетеді дейді. Ендеше, аянып қалмаңыз. Іскерлік салада наурыз бен маусым айлары қиындыққа толы болуы мүмкін. Мұндай шақта салқынқандылық пен сабырлылық көмекке келеді. Көктемде өз кәсібіңізді ашуға тамаша уақыт туындайды. Ал күзде сіздің барлық жобаларыңыздың жұлдызы жанатын сәт. Қаржылық тұрғыдан Суқұйғыштар түрлі жағдайларды бастан өткермек. Мұндайда сіздің бұған дейін дейін жиған-тергеніңіз жақсы көмек болады.

Денсаулық

Тышқан жылы созылмалы асқазан-ішек жолдарында сырқаты бар жандар үшін қиынға соқпақ. Жұлдыздар диета сақтау арқылы денсаулықты жақсартуға болатынын ескертеді. Қараша айында жұмыстағы, жеке өмірдегі кейбір келеңсіздіктерден жүйке жүйесіне салмақ түсіп, ұйқысыздық пен күйзеліс кедергі келтіруі мүмкін. Ол жұмысқа қабілеттті түсіріп, әлсіздікке алып келеді. Бұл айтылғандардан сақтану үшін күн тәртібін реттеп, демалысты көбейту керек.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)

2020 жылы ашылған мүмкіндіктер Балықтардың күдігін тудырады. Бұл – бекер емес. Әрбір істің алдында барынша зерттеп, зерделеп, ертеңгі күнді жоспарлап алғаныңыз жөн. Астрология сенімсіздіктің соңында кетпей, тәуекелге бел байлаңыз дейді. Интуицияңыз дұрыс бағдар беріп, сізді табысқа кенелтеді. Жұлдыздар өзіңіздің дос-жарандарыңызға да аса сақтықпен қарым-қатынас жасауды талап етеді. Себебі, сіздің шынайылығыңыз бен адалдығыңызды орынсыз пайдаланып кететіндер табылуы мүмкін.

Отбасы мен махаббат

2020 жылы жеке өмірінде оң өзгеріс орын алуын қалағандар болса, ниетіне жетеді. Алайда, қысқа мерзімді сезімдерге алданып, уақытша бақыттың бесігінде тербелуден сақтаныңыз. Жүрегіңіз жараланып қалса, өзіңізге келуіңіз қиындық тудыратыны тағы бар. Жұбы бар Балықтар жаңа махаббатқа жүгіріп, ескі қарым-қатынасын үзуге құлықты. Бірақ, оның пайдасы шамалы, тек араларыңыз суып, сенімдеріңіз жоғалуы мүмкін. Ал отбасылылар үшін үй жағдайындағы келеңсіздіктер дау-дамайға ұласып, шаңырақтың шайқалуына әкелуі мүмкін. Асығыс шешім шығарудан аулақ болыңыз. Сабырлы қалпыңыздан таймасаңыз, көп өтпей-ақ бәрі өз қалпына келеді. Күз мезгілі отбасылы жандарға жаңа қуаныш пен жақсы жаңалық сыйлайтын болады.

Мансап пен қаражат

2020 жыл жаңа әріптестер мен серіктестер табуға ықпал етпек. Жұмыс іздеушілер ақпан мен сәуір айында жорыққа шықса, өз қалауына қол жеткізеді. Балықтар өзі сүйетін қызметте отырса, табысты болатынын естен шығармаған жөн. Тышқан жылы тәуекелге көп баратын жыл. Өз ойыңыздағы жоспарды жүзеге асырудан жүрексінбеңіз. Сіздің шығармашылық қабілетіңіз көп жерде көмегін тигізетін болады. Екінші жартыжылдық көп жетістікке жетпесеңіз де, бір ғана мүмкіндік тамаша нәтиже көрсетуге себепкер. Балықтар үшін Тышқан жылы қазынасын молайтатын тамаша жыл болғалы тұр. Тек табандылық пен еңбексүйгіштік өрге сүйрейтінін жадыңызда ұстағаныңыз абзал. Басшылық жақтан осы қабілеттеріңіз үшін марапаттар болады.

Денсаулық

Балықтар қыс мезгілінде жарақаттан сақтансын. Сол сияқты бұл уақытта жүйке жүйесіңде тұрақсыздық болып, кішігірім жайттардың өзі ауыр тиюі ықтимал. Астрология ұйқысыздық пен бас ауруы жиі мазаласа, таза ауада тынығып, қажетті мөлшерде ұйықтау керектігін еске салады. Жаз мезгілімен бірге, асқорытуда проблемалар келуі мүмкін. Ал күзде денсаулықтағы барлық келеңсіздіктер реттеліп, физикалық, эмоционалды тұрғыдан жақсару болады.

Жаңалықпен бөлісіңіз 

2020 жылға арналған жұлдыз-жорамал » Ақмешіт жастары

    Бұл әдеттегідей әндетіп өте шығатын жыл болмауы мүмкін. Жыл он екі ай бойы қандай да бір жаңа істің іргесін қалауға тырысу керек-ақ. Жыл иесі Тышқан секемшіл болғандықтан, оның көңілін аулауға көбірек мән берген дұрыс.

2020 – күшті адамдардың жылы. Қажырлы, табанды адамдардың еңбегі далаға кетпейді. Сондай-ақ позитивті өзгерістер мен жедел шешімдер жылы, жалқаулық танытпай, жауапкершілік жүгін көтеруге бейімді адамдардың бақытты жылы, мұндай адамдарды тағдыр тосын сыйымен қуантып, өмірін ғажайыптарға толтыруы әбден мүмкін. Тышқан жыл басы болғандықтан барлық күш-жігерін мақсатына жетуге жұмсайтын адамдар үшін идеалды жыл деп бағаланады. Іс-әрекетінің бағытын 180 градусқа батыл бұратын адамдар жаңа жұмыс тауып, бизнес ашып, инвестиция салып, бас айналдырар бақыт пен табысқа кенеледі.

Қаржылай табыс пен алдын ала ақысы төленеді деген уәдеге көп сене беруге болмайды. Ірі көлемдегі жылжымайтын мүлік пен аса қымбат мүлікті биыл сатып алмаған дұрысырақ, сондықтан мұндай жоспарлар кейінге қалдырылса, оның ешқандай қорқынышы жоқ, есесіне кезекті еңбек демалысында саяхатқа шығып, қымбат ішік сатып алуыңыз әбден мүмкін. Өйткені Тышқан іскер адамдар жылы болғандықтан, әдетте ашық мінезділік, жомарттық пен мырзалық ескерусіз қалмайды. Концерт пен саяхаттан ақша аямаған дұрыс. Әсіресе саяхатты жаны сүйетіндердің биыл жолы болғалы тұр.

Отбасыңыздан, сенімді адамдарыңыздан әлдебір нәрсені жасырып, екіжүзділіктен барынша аулақ болған жөн. Тышқан жылы мұндай қадамдар құпталмайды. Сүттен ақ, судан таза шығам демеңіз, бұл – өте қауіпті. Есесіне адал жолмен, табанды табыс табуға ұмтылған адамдар нағыз лайықты орнын табады. Айналаңыздағы адамдар сүзгіден өтіп, кейбірімен қош айтысуыңыз ғажап емес. Бұған қамығудың реті жоқ, қайта адам тануда ақылдырақ бола түсесіз. Биыл әрекетке берекет дейтін адамдардың жұлдызы жанады. Жүрегіңізді махаббатқа толтырып, айналаңызға мейірім көзімен қараңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Сонда Тышқан жылы нағыз сіздің жылыңыз болады.

ТОҚТЫ     

Жылмен жақсы болу тау қопарарлықтай қосымша күш береді. Бірақ қауіпсіздікті де ойлаңыз: асығыстық танытуға болмайды, қиын жағдайдың өзінде ашу шақырып, долданудың қажеті жоқ. Жанама әрекеттер арқылы болмаса, бетпе бет табан тіресудің пайдасы шамалы.

Тоқты белгісіндегілер үшін биылғы көктем былтырғыдан жайлы болмақ. Бәрін басынан бастағысы келгендер үшін ең қолайлы кезең саналады. Бастаған ісін орта жолдан тастап кетпесе, табыстың жаңа бір белесіне көтерілу мүмкіндігіне ие болады. Оңай емес әрине, бірақ бұл табандылық танытуға тұратындай табыс әкеледі. 

Махаббат

Ер-азаматтар үшін бұл жыл «аз сөйле – көп істе» деген ұранмен өтуге тиіс. Көп сөзге ұрынып, уақыт жоғалтуға болмайды. «Әрекетке – берекет» дегенді қаперге ұстаңыз.

2020 жыл – ішкі түйсікке, жүрек үніне құлақ асатын жыл. Туған-туыстардың, достардың пікірінен гөрі жүрек үніне, ішкі дауысқа ден қойған дұрыс. Билік пен байлық болса, сізді әдемі әйелдер өзі іздеп табады. Махаббат машақатына шырмалғаннан бұрын өзіңіздің ішкі «меніңізді» жеңіп, табысты болуға ұмтылған абзал. Ең дұрысы – осы.

Отбасылы қыз-келіншектердің сабырлы болғаны жөн. Некені сақтап қаламын десеңіз, қандай да бір мәселе болсын айқай-шусыз шешуге тырысқан дұрыс. Тұрмыс құрмаған бикештердің бас айналдырар романтикалық кездесулерінің соңы үй болу деген ізгі тілекпен ұштасуы ғажап емес, сондықтан шешім қабылдауда батылырақ болыңыз.

Денсаулық

Әдетте Тоқты белгісіндегілердің денсаулығы жақсы. Олардың бір кемшілігі, қандай да бір іспен айналысса, соны бітірмейінше қалыпты дағдысынан жаңылып, уақытылы тамақ пен ұйқыны ұмытады. Бұның аяғы депрессияға түсіріп, ұйқысыздық дертіне шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан адамның өзіне деген қамқорлығының басты орында болуы түрлі аурулардың алдын алатынын естен шығармау керек.  

Қаржы

Тоқты белгісінде туғандар әдетте қаржылық дағдарыстың құдығына түсіп кетуден қатты сақтанып жүреді. «Осында және қазір өмір сүр» деген өмірлік қағидасына қарамастан, әрқашан «қандай да бір жағдай үшін» жиналған артық ақшасы болады. Сондықтан оның «ақша жоқ» дегеніне ешкім сене қоймайды. 2020 жылдың ортасына қарай алаяқтардың алдауына түсіп қалудан абай болыңыз. Мұнымен қоса біреуге қарыз беруден түбегейлі бас тартқан жөн. Биыл қарыз берсеңіз, оны қайтарып алуыңыз неғайбыл. Тышқан жылында жеке бастың қуанышынан, жаныңыздың рахатынан ақша аянып қалмаңыз. Бұндай сәттер сізге жаңа табыс көзін табуға септесетін жаңа идеялар әкеледі.

2020 жылға арналған кеңестер

Тоқты белгісінде туғандар – өз ісіне мығым, бірақ кейде өз өзіне жақсы маркетолог бола алмайтын жағдайлар болып тұрады. Егер өз өзін жарнамалау шеберлігін шыңдап, өзін дұрыс көрсетуді меңгерсе, бағасы өсіп, табысы екі еселенер еді.

Өз өзіңізді тыңдап үйреніңіз. Демек үзіліссіз телефон тұтқасында болуды тоқтатып, артық шуды сөндіріп, өз өзіңізге қарауға уақыт бөлу керек. Су жағасында серуендеу таптырмас жан рахатын сыйлайды.

ТОРПАҚ  

Тышқан алдында мақсаты бар, бастамашыл, шыдамды әрі мінезі жұмсақ адамдардың жылы болғандықтан табанды Торпақ белгісіндегілермен жақсы одақтаса алады. Қажыр-қайрат талап етілетін істе тайқып кетпесе, биыл ең үлкен мақсатына жетуге жан жақты мүмкіндік болады.

2020 жылдың басында Торпақ белгісіндегілер жұмыс орнын немесе тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруы мүмкін. Табысқа кенелетіні сонша бұрын қайда тұрғанын, қалай жұмыс істегенін тіпті есіне де алмайды. Жалпы алғанда, жарқын сәттерге толы, өмірлік оң өзгерістер мен позитивті жыл болады.

Махаббат

Торпақ белгісінде туған ер-азаматтар тау қопарып жіберерлік өмірлік күш-қуатына бек сенімді, барлық жерде үлгергісі келетіндіктен, Тышқан жылында «жарқ етіп жанып, жалп етіп сөнбес үшін» мақсатыңыздың ең бастысын нақтылап алуға тура келеді. Сезіміңіз жайында айқайлап айтудың керегі жоқ, ұстамдылық ұстанымыңыз болсын. Әйтпесе көңіліңіз қалуы оп-оңай.

Торпақ белгісіндегі қыз-келіншектер жоспарынан тыс жағдайларға ашулануы мүмкін, әйткенмен тағдыр оған әлдеқайда жақсырақ болуға, әрі әлемге даналықпен қарауға мүмкіндік беріп жатқаны оның қаперіне де кіріп шықпас. Өмір сабағы деген осы. Биыл барлық салада ұқыптырақ болған жөн. Жүйкеңізді сақтаңыз. Түкке тұрғысыз нәрселерге бас қатырудың қажеті жоқ.

Денсаулық   

Ішек жолдары, зәр шығару жолдары, жүйке жүйесінің аурулары – бұлардың қайсыбірін де асқындырып алмаудың қамын жасаған жөн. Ауруға берілмеуге тырысыңыз, уақытында тексерілуден өтіп, дәрумендер ішіп, жалпы иммундық жүйені күшейтуге күш салу керек. Жан саулығын да ұмытпаңыз. Жан тыныштығын да ойлау керек. Таңғы не кешкі серуен кезінде велоспортпен айналысуды қолға алсаңыз, бұл ең дұрыс шешім болар еді. 

Қаржы

Торпақ белгісіндегілер барынша молшылықта өмір сүргісі келеді, өмірдің әр сәтінен ләззат алуғаұмтылады, әрине бұл үшін қаржылық тұрақтылық керек-ақ. Тышқан жылында бір сәттік қызық-думан үшін емес, болашақтағы маңызды жоспар үшін ақша жинаған құба-құп. Шығыс пен кіріс дәптеріңіз болсын, сонда табысыңыздың картинасы көз алдыңызда болады. Жаңа бизнес пен пассивті табыс әкелетін жақсы идея болса, кейінге қалдырмаған дұрыс, сенімді болсаңыз – әрекетке берекет деп іске кірісіңіз.

2020 жылға арналған ұсыныстар

Өмір сабағынан қорытынды шығара білу керек. Ашуланудың, бәрін дереу түзетем деп жанталасудың түкке керегі жоқ, қалай бар, солай қабылдаңыз. Бұл өміріңізді түбегейлі өзгертуі ғажап емес.  

Торпақ белгісіндегілер айналасын шабыттандыра алады, бұл олардың ең жоғары сапалық қасиеті саналады. Егер осы қасиетін арттырып, жинаған тәжірибесін жүйелеп, даналығын коучинг өткізуге бағыттаса, бұл олардың өмірін жаңа арнаға бұрып, өзін өзі тануына жол ашады.

Торпақ белгісінде туғандар өзіне жайлы жерді жақсы сезе алады, сондықтан өзіңіз қанаттанатын ортаға қайта-қайта оралып отыруды ұмытпаңыз.

ЕГІЗ

Егіз белгісінде туғандар түймедейді түйедей етуді жақсы көретіндіктен, кез келген әдеттен тыс жағдаяттарды жүрегіне жақын қабылдауы мүмкін. Оның шешімі бар ма? Шындықты қабылдап үйреніңіз, өзіңізді өзіңіз бақылап, қандай да бір сәттерде ұстамдылық танытқан дұрыс. Ертең де күн бар екенін есте ұстаңыз.

Махаббат

Егіз белгісінде туған ер-азаматтар істі ертеңге қалдыруды қатты жақсы көреді. Тышқан жылында мұндай ертеңі бітпейтін еріншектік жарамайды. Жылдам шешім қабылдау керек, тіпті кейде бір емес бірнеше міндеттерді орындауға тура келеді. Биыл етек-жеңін жинап, өмір ырғағына өзгеріс енгізсе, мақсатына жетуге жаңа жол ашылады.

2020 жылы әріптестер мен достардың пікірінен гөрі жүрегінің үніне құлақ түретіндер ұтады. Отбасылы адамдар жұбайының қолдауын сезінеді. Ал бойдақтар мен бикештер арқа сүйейтін адамын табады. Ең бастысы, көмегіңіз қажет болатын жағдайды алдын ала сезе біліңіз.

2020 жылдың көктеміне қарай Егіз белгісінде туған қыз-келіншектер имиджін өзгертіп, жаңа мақсаттарға жол ашатын мүмкіндіктерге ұмтылып, дұрыс шешім қабылдайды. Жылдың екінші жартысында өмірдің жаңа бояуын сезінеді, кулинария, киім стилі, саяхат – қай қайсысында да өзіңізге жаңалық ашасыз. Егіз белгісінде туғандар үшін Тышқан жылы – өзің үшін өмір сүріп, нағыз жан рахатын ойлау жылы.

Денсаулық

Егіз белгісінде туғандардың бір бөлігі дәрі-дәрмек қабылдай алмаса, енді бірі аурухана дегенге мүлдем төзе алмайды, сондықтан барынша аурудың алдын алуға, сауықтыру шараларына ден қойған дұрыс. Таза ауада серуендеудің пайдасы мол. Ең бастысы, асқазаныңызды күтіңіз. Қыстыгүні суық тигізіп алмауға тырысыңыз. Кез келген қабыну жағдайлары созылмалы ауруға ұласып кетуі әбден мүмкін.

Қаржы

Тышқан жылында қолда бар ақшаға ұқыпты болуға тырысыңыз. Биыл қаржылай сыйақылар күтеді, ұтыс ойындарынан да бағыңыз жануы әбден мүмкін. Депозит ашу, құнды қағаздар сатып алу пайдалы болады.

2020 жылға арналған кеңестер

Биыл пайдалы адамдармен серіктес боласыз. Кісімен тез тіл табысатын Егіз белгісіндегілер үшін мұның ешбір қиындығы жоқ.

Жазуға ықыласыңыз оянады. Бай тәжірибеңізді қағаз бетіне түсіре бастайсыз. Басында бұл құр уақыт өткізу сияқты көрінгенмен, уақыт өте келе, мұның астарында үлкен ой жатқанын түсінесіз. Сондықтан қаламды серік ету идеясынан бас тартпаңыз.

ШАЯН

Жыл иесі Тышқан жерге жақын әрі тыным таппайтындығымен қоса ойынпаз ғой, сондықтан есепшіл, әрі айлакер Шаян жылғылардың қолайына жақпауы мүмкін. Ең дұрысы, қанша рет талпынсаңыз да, мақсатқа жетпей қоймау керек. Кейде өмірлік ұстанымдар мен қадамдарды өзгертуге тура келеді, әйтпесе биыл қырсықтықтың берері аз. Есесіне Тышқан жылы жаңа таныстар тауып, жақсы байланысуға болады. Шілде мен тамыз айлары нағыз жолыңыз болатын уақыт. Уақытты өткізіп алмаңыз, оның сыйы көпке дейін жүрегіңізді жылытып, кеудеңізді қуанышқа бөлейді.

Махаббат

2020 жылы Шаян жылы туған ер-азаматтар ерекше еңбексүйгіштігімен танылады. Мақсатқа жеткен жақсы, бірақ денсаулықты да ойлаңыз. Адам ағзасы үшін демалудың маңызы жұмыс істеуден бір кем емес. Биыл қыз-келіншектерге аса ұнамды болуға тырысасыз: дене сымбатыңызды қолға алу, арықтау, автокөлік сатып алу, стильді киіну сізді сан қырыңыздан көрсетеді. Уайымдамаңыз, еңбегіңіз зая кетпейді, нәзік жандылар үшін жымиып қарағаныңыздың өзі жеткілікті.

Шаян белгісінде туған қыз-келіншектер бір емес бірнеше салада табысқа жетеді. Мансапқа жету немесе қомақты ақша – биыл бәрі де болады. Күздің соңына қарай отбасылық дау-дамайды реттеу, туыстарыңызбен қарым-қатынасты жақсарту сияқты мәселелер өз өзінен шешіле бастайды. Содан кейін кезекті еңбек демалысын алып, махаббатыңызбен бірге саяхатқа шықсаңыз – нағыз демалыс сол болмақ.

Денсаулық

Шаян – су белгісінде және Айдың қамқорлығында болғандықтан көңіл-күйі әрдайым тұрақты бола бермейді. Бұндай тұрақсыздық депрессияға соқтыруы мүмкін. Ішкі үніңізге құлақ түріп үйреніңіз, жұрттың бәрі жабылып, сізді жақсы көруге міндетті емес, осыны ұғыңыз. Тыныс алу жолдарын асқындырып алмау үшін иммундық қорғанысты күшейту артық етпейді.

Қаржы

2020 жылы материалдық тұрғыдан тұрақты жыл емес, дегенмен ақшадан таршылық көре қоймайсыз. Елеусіздеу болғанмен тұрақты түсім болады, мұның өзі демалу үшін немесе жаңа көлік алу үшін жеткілікті. Тышқан жылы Шаян белгісінде туған заңгер, экономист мамандар үшін жемісті жыл болады. Ірі сауда жасаған кезде сапасыз тауарға ұрынып қалмауды ойлаңыз.

2020 жылға арналған кеңестер

Өміріңізді жақсы жағынан өзгертуге мүмкіндік болса, ол кенеттен саяхаттар, тәуекелге бару сынды жағдайлар болады, мұны міндетті түрде пайдалану керек. Биыл ештеңе жоғалтпайсыз, бірақ сіздің әрекетіңіз біреуді ренжітіп, енді біреуге залалы тимеу керек. Қуанышты жағдайлар үймен байланысты болуы мүмкін, жаңа дизайн, интерьерді өзгерту – бәрі де жүрегіңізді қуанышқа толтырады.

АРЫСТАН

Қызметте тасыңыз өмірге домалайтын жыл болмақ. Әрқашан жеңуге ұмтылатын және көшбасшылыққа ашық таласатын Арыстан белгісіндегілер үшін жоспарсыз зат алу мен ойланбайтын әрекеттер қуаныш сыйламауы мүмкін, бірақ қаржылай тәуелсіздік, жеке өмірдің жеңістері сөзсіз атап өтуге тұрарлық.

Күзге қарай жұрт назарын аударуға дайындала беріңіз. Жыл аяғына қарай күш-қайратыңыз бәсеңсіп, бәрін өз мойныңызға ала беруге болмайтынын түсінесіз. Басқалар өз мәселесін сізсіз де шеше алады. Ал, өзіңізді күтуге уақыт керек. Тынығу сәті жемісті идеялар мен жеңісті жобалар жайлы ойланып, оны мұқият жоспарлауға мүмкіндік береді.

Махаббат

Арыстан белгісінде туған ер-азаматтар ертеңін ойламай өмір сүре алмайтындықтан, ақша да, басқа да бәрі бір сәтте бола салу керек сияқты қабылдайды. Бірақ биылғы Тышқан жылы мұндай жылдамдықты жақсы көрмейді. Сондықтан әдеттегі тактика тығыраққа тіреуі мүмкін, ал егер ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен мақсатқа жетуге талпынсаңыз, онда жыл иесі сізге көмекші болады. Арыстан белгісінде туған бойдақтарды романтикалық кездесулер, курортты роман күтеді. Отбасылы ер-азаматтар жұбайына көбірек көңіл бөлген жөн, отбасы да – екінші жұмыс, оған да еңбектену керек.

Арыстан белгісінде туған қыз-келіншектер үшін барлық жағдайды өз бақылауында ұстаған дұрыс сияқты көрінуі мүмкін, бірақ мұның денсаулыққа күш түсіретінін, жұрт өзі үшін де өмір сүре алатынын ойлану керек. Әйелдің күші әдемі әрі әлсіз болып көрінуде екенін ұмытпаған дұрыс. Имидж өзгертіп, өзіңізді жаңа қырыңыздан көрсетуге қорықпаңыз. Бұл сіздің ішкі қуатыңызды арттырып, жігіттер назарын аударады.

Денсаулық

Арыстан белгісінде туғандардың денсаулығы өте жақсы, әйткенмен 40 жастан кейін өмірлік ресурс пен өмір салтын өзгертуге ұмтылу артық етпейді. Спорттың көп пайдасы бар. Таңертең таза ауада серуендеу, алкогольдік өнімдерді тұтыну мөлшерін азайту, ауырып тұрғаныңызды сезінуге өз өзіңізге мүмкіндік беру өте пайдалы болмақ.

Қаржы

Кез келген келісім-шарттардан абай болыңыз. Екіұдай сезімге қалдыратын қағаздар, күмәнді мөр көп мөлшерде қаржы жоғалтуға алып келуі мүмкін. Қарыз беруден де қашық жүріңіз. Туған-туыстарыңызға сараңдық танытуға болмайды әрине, бұл ақша бүгін болмағанмен кейін басқа жолмен міндетті түрде қайтады.

2020 жылға арналған кеңестер

Арыстан белгісіндегілер ақшадан аянып қалмайды және шын жүректен сүйе білетіндіктен, биыл барлық қызығушылығын ақшаға айналдыруға мүмкіндік бар. 40 жастан кейін Арыстан белгісіндегілердің көбі жақсы тренер бола алады. Бұған білімі толық жетеді. Жалқауланбау керек.

БИКЕШ

Тышқан жылында кез келген істің жүйесін табу керек. Жеті рет ойланып, бір рет кесетін Бикеш белгісіндегілер үшін 2020 жыл нағыз өнімді жыл болады. Басшылық сіздің іске нақтылығыңызды, үнемі алға ұмтылуға тырысатын позитивті көзқарасыңызды бағалайды. Қызметтік мансабыңыз көтерілуі мүмкін. Күзге қарай жыл қорытындысын жасай бастайсыз. Қандай да бір мәселе көңіліңізді толтырмаса, еш ренжімеңіз, қызмет пен ақшаға қарағанда отбасы маңыздырақ. Бұл жағынан бәрі жақсы, сәл жұмсағырақ болыңыз.

Махаббат

Бикеш белгісінде туған ер-азаматтарды тұрақты табыс, жақсы қызмет, жайлы отбасы, демалыс күндері қолайлы спортзал күтеді. Мұның барлығы сізге биыл жан тыныштығын сыйлайды. Өмірдің өзі – махаббат деген осы ғой. Көктемде саяхатқа шығасыз. Бұл сіздің өмірлік ұстанымдарыңызға оң өзгеріс әкелуі мүмкін.

Қыз-келіншектер ерлердің назарында болады.  Бұл бойжеткендер үшін тұрмыс құруға септігін тигізеді. Романтикалық кездесулердің соңы ана бақытын, жар бақытын сыйлап, қуанышыңызды арттырады. Отбасылы ханымдар отағасының сүйіспеншілігіне бөленіп, өмірінің жаңа кезеңіне қадам басады.

Денсаулық

Бикеш белгісіндегілердің көп жұмыс істейтіні сонша олар көтерген жауапкершілік жүгі кейде атан нарға жүк болатындай. Уақытында денсаулыққа да көңіл бөліп, дәрігерге қаралу артық етпейді. Көктемде созылмалы сырқаты сыр беруі ықтимал. Көру қабілеті, зәр шығару жолдары әлсіз болғандықтан бастапқы белгісі білінер-білінбестен күнде ертеңге қалдырмай, дереу дәрігерге қаралған жөн. Саламатты өмір салтын ұстанып, пайдалы жеміс-жидектер жесеңіз, ағзаңыз сізге тек алғыс айтады.

Қаржы

Қазір немесе қалаған кезде тілектен бас тартпау сезімі, үнемдеуге деген ерекше құлшыныс, тіпті болашаққа ақша жинау – осының бәрі өн бойынан табылатын Бикеш белгісіндегілер айналасын тәнті етпей қоймайды. Олар шешілмейтін мәселелерді де қалыпты өмір деп қабылдайды. 2020 жылы ешқашан ақшасыз болмайсыз.

Биыл қарызға ақша беруді доғарасыз. Тіпті жақындарыңыз қарызын қайтармағанның күннің өзінде үйге жасалған жөндеу жұмыстары, жаңа жиһаз сатып алу сияқты кішігірім қуаныштар табыс табуға деген ынтаңызды арттыра түседі.

2020 жылға арналған кеңестер

 Бикеш белгісіндегілер үшін махаббат маңызды. Есепке құрылған қарым қатынас немесе «ыңғайлылық» үшін өмір сүру – олар үшін емес. Сезімге бөлену үшін оған сезіммен жауап беру керек. 2020 жыл осы пәлсапаны жақсы түсінесіз. Сондай-ақ биыл шын талантқа тұсау болмайтынын түсінетін уақыт болады. Өзіңізді де жарқыратып көрсетуге мүмкіндік болса, бас тартпаған дұрыс.

ТАРАЗЫ

Таразы белгісінде туған адамдар үшін, ең бастысы, тұрақтылық, кез келген жағдайда өз бағасын білу және өз биігінде қалу: биылғы жыл иесі Тышқан олардың осы қасиетін жақсы бағалайды және оның барлық салада табысқа жетуіне жағдай жасайды. Биыл қолға алған барлық ісіңіз оңынан шешіледі. Өнімділігі өзіңіз ойлағаннан әлдеқайда жақсы болады. Күзде ұзақ мерзімді демалыс алып, денсаулығыңызды күтіп, демалсаңыз құба құп.

Таразы белгісіндегілер бүгінмен ғана жай өмір сүре алмайтындықтан, олар қай кезде де қаржылай қордың болуын қалайды. Биыл мұндай материалдық игіліктер үшін ақша жинауға мүмкіндік беретін бір емес бірнеше табыс көзі болады.

Махаббат

Таразы белгісінде туған ер-азаматтар барлық істе үлгеруге тырысатындықтан «жақсы істегің келсе, онда өзің істе» деген ұстаныммен өмір сүреді, бірақ бұл өз кезегінде шаршап-шалдығуға әкеп соғады, бұдан жүйке жүйесі сыр беруі ықтимал. Сондықтан биыл әр істің өз уақыты болатынын жақсы түсіну керек.

Қыркүйек пен қазанда тағдырдың ғажап сыйын қабыл алыңыз. Отбасылы Таразылар қаңтар-ақпанда барынша күш-жігермен жұмыс істейді, отбасын материалдық тығырықтан алып шығу үшін мұның пайдасы орасан зор. Бала сүйгісі келетін ерлі-зайыптылардың отбасында ғажайып жаңалық болуы бек мүмкін. Мүмкін емес деген нәрсенің өзі мүмкін емес – өмір деген – ғажап қой.

Таразы белгісінде туған қыз-келіншектер ұмытылмас махаббат сезімін бастан өткереді. Басында бұл жай ермек сияқты көрінгенмен, уақыт өте келе некеге ұласатын нағыз сезім, жауапкершілік сезімі екенін жақсы түсінеді. Жұмыс, ақша дегеннің бәрі екінші орынға ығысады.

Денсаулық

Бауырыңыз бен зәр шығару жолдарын, жүрегіңізді күтіңіз. Қан қысымыңыз көтерілуі мүмкін, сондықтан уақытында демалып, уақытында сауықтыру шараларын ойлауды қаперде ұстаңыз. Айналаңызда болып жатқан жағдайларды тым жүрегіңізге жақын алмаңыз. Мұның бәрі жүйке жүйесіне кері әсер етеді, өз кезегінде ағзаны да әлсіретеді. Үнемі күліп жүріңіз, бәріне қарапайым көзбен қараңыз.

Қаржы

Таразы белгісінде туғандар ештеңеге қарамастан табанды еңбек етеді. Жыл бойында қаржы қажет ететін жобалар болуы бек мүмкін. Ең дұрысы, әмиянда ақша азайып бара жатса, оның орнын толтыру үшін қосымша жұмыс көзін табу керек. Тышқан жылы қаржы жағынан ішінара тұрақсыздық болуы мүмкін, сондықтан ақшаны оңды-солды жұмсауға асықпаңыз. Көлемді ақшаны ойланбай жұмсағаннан гөрі сатып алатын зат туралы алдын ала ой елегінен өткізу артық етпейді. Артық ақша әрбір ұсақ-түйек үшін «шықпа, жаным, шықпа» деп отырудың алдын алады ғой.

2020 жылға арналған кеңестер

 Үй жануарын асырап алсам деп жүр едіңіз, соның уақыты келген сияқты. Аптасына бір рет болса да, спортпен айналысуды қолға алу керек. Бұл ұсақ-түйек сияқты көрінгенмен кішігірім жеңістер үлкен жеңістің басы екенін ұмытпау керек.

САРЫШАЯН

Сарышаян белгісінде туғандар – харизмасы бар және өте сезімтал адамдар. Олардың көбісі ертең де күн бар екеніне қарамастан басқарушылыққа батыл ұмтылады. Жайлы өмір сүруді жақсы көреді, «бұлай болмайды» деген сөзді суқаны сүймейді. Әйтсе де жыл иесі Тышқан табысқа жету үшін қиындықтан жалтаратындарды жақсы көрмейтіндіктен, биыл өз-өзіңізге ұстамды болуға, қандай да бір мәселелердің шешімін белгілі уақытқа кейінге қалдыруға, бір ауық жұрттың да пікіріне ден қоюға тура келеді. Кейде қандай да бір нәрседен бас тарту арқылы одан да көп табысқа кенелесіз. Жалпы алғанда, Тышқан жылы жайлы өтеді.

Жазға қарай, беріш боп қатқан өкпе-ренішті ұмытып, кім болса да жылы қабақ танытып, татуласуға ұмтылған дұрыс. Ашулануға да күш кететіндіктен, бұл сіздің біраз қуатыңызды ұрлайды.

Махаббат 

Сарышаян ер-азаматтар «алдымда – мақсат бар, кедергі көріп тұрғаным жоқ, өзіме сенемін» деген ұстаныммен өмір сүреді. Мұндай табандылықпен олар кез келген мәселені оңай шешеді. Тек қана эмоция болмаса! Эмоцияға берілу арқылы маңызды келісім-шарттың өзін құрдымға жіберуі мүмкін немесе қажетсіз шешім қабылдайтыны күмәнсіз. Жыл иесіне де бұл ұнай қоймайды. Сондықтан 2020 жылы айналаңызбен емес, өз-өзіңізбен күресуді үйрену керек. Асықпаңыз, ашуланбаңыз, әлі де ойлану керек. Бұлай ету сізді биыл күтпеген табысқа кенелтеді. Сыйақы, ұтыс, қызықты шытырман оқиғалар – бәрін де биылғы жарқын сәттер деп бағаланады. Айналаңыздағы аруларды, өмірлік серігіңізді қалай бар, солай қабылдасаңыз: өмір ғажабын сезінесіз.

Сарышаян белгісінде туған қыз-келіншектер өмірдің театрға бергісіз шырғалаң оқиғаларын жақсы көреді, бірақ биыл бұдан саналы түрде бас тарту керек. Барынша ашық және шындықпен өмір сүру керек. 

Денсаулық

Сарышаян белгісінде туғандар денсаулығына күтіммен қарайтындықтан, алаңдамауына болады. Биылғы жаңа таныстық, оқиғалар, жаңа әсерлер тіпті дәрігерге баруға уақыт таппауы мүмкін. Ұйқыны қандырып, жүйке жүйесін сақтау жеткілікті. Шаршағаныңызды сезсеңіз, дереу демалыс алу керек. Деннің саулығынан асқан байлық жоқ екенін өзіңіз де жақсы білесіз. 

Қаржы

Жылдың бірінші жартысында кіріс пен шығысты қатаң қадағалау маңызды. Ақшаның қолдан сусып шығуы әп-сәтте. Керексіз шығынды азайтып отырсаңыз, жыл аяғында әжептәуір қаржының басы құралады. Жалпы алғанда, жыл ортасына қарай болатын іскерлік ұсыныстан бас тартпасаңыз, көлемді табысқа кенелесіз. Ипотека жабу, жөндеу жұмыстарының төлемі, ағайын-туысқа көмектесу сияқты ірі қаржылық операцияларды орындауға мүмкіндік болады. Жаңа бизнес ашу және ұзақ мерзімді инвестицияның әзірге уақыты келген жоқ.

 2020 жылға арналған кеңестер

Сарышаян белгісінде туғандар жай ғана айналып өтетін мәселе деген болмайды. Сондықтан елеусіздеу көрінетін таза ауада серуендеу мен таңертеңгі жүгірудің өзі тығырықтан шығуға септеседі. Осыны қаперде ұстаңыз.

Кешіріп үйреніңіз. Сарышаян белгісіндегілер үшін бұл қиындау болуы мүмкін, бірақ бұл өмірдің жаңа бір жарқын белесіне жол ашады.

МЕРГЕН

Мерген белгісінде туғандар табандылық танытып, тәртіпке бағынса, алға қойған мақсатына оп-оңай жете алады. Тышқан жылында осы мінезіне дипломатиялық нәзік қарым қатынасты қосса, әсіресе іскерлік байланыстарда әдемі шегінуді де білсе, отбасында да шаптыға жөнелмей, шыдамдырақ болса, қандай мәселе болсын, жақсы жағына қарай шешіледі.

Жылдың екінші жартысында ұсақ-түйек нәрселер көңіліңізді түсіруі мүмкін, сондықтан дер кезінде біткен іс нағыз пайдалы болатынын дер уақытында түсіну керек. Жыл аяғына қарай барлық мәселе шешіле бастайды, тіпті бұған өзіңіз де таңқаласыз. Теңізге саяхат, жаңа көліктің кілті, үлкен көлемді сауда-саттық жанға жайлылық сыйлайды.

Махаббат

Биыл Мерген жылында туғандар отбасының қадір-қасиетін сезінеді. Жүрегіңізді қуанышқа бөлейтін жақсы өзгерістер күтеді. Отбасылы адамдар үшін жауапкершілік жүгі артады, жаңа үй сатып алу, еуропалық деңгейде жөндеу жұмыстарын жүргізу, отбасылық жайлы демалыс, жаңа табыс көзін іздеу – бәрі де биылғы Тышқан жылының тартуы болмақ.

Мерген белгісінде туған қыз-келіншектер әрдайым еркіндікті, табысқа өз еңбегімен жеткенді қалайтындықтан, 2020 жылы өзін өзі дамытуға жол ашылады. Жаңа ақпараттармен қарулану, білім алу, онлайн сабақтар, тіпті тіл үйрену де болашақ табысты идеялардың жаңа қадамы болмақ. Ештеңе бекерге кетпейді. Махабатта орнықты сезім сізді жеңіске жеткізеді.

Денсаулық

Денсаулыққа пайдасыз әдеттеріңіз болса, одан арылатын уақыт келді. Тым болмағанда шылым шегуді сирету керек, әйтпесе ағзаңызға кері әсер ете бастайды. Әсіресе бауырыңызды күтіңіз. Ағзаны тазарту процесі артық болмайды. Дұрыс тамақтану, спорт – саулық кепілі.

Қаржы

Мерген белгісінде туғандар жұмыс істегенді жақсы көреді және әрдайым өз ісіне мығым. Бір айтарлығы, өз ақылының да жететініне қарамастан серіктесіне немесе жұмыскерлеріне көзсіз сенуге бейім. Егер компания мүддесінен бұрын өз пайдасын жоғары қойса, бірден-ақ тасы өрге домалар еді. Табыс табудың жаңа көзі ашылады, жұмыс орнын ауыстырудың кезі келген сияқты. Әдетте Мерген белгісіндегілер аса сақ, бірақ өзгерістерден қорқудың қажеті жоқ. Жыл иесі Тышқан адал, қажырлы еңбек адамының әрбір ісін бағалайды.

2020 жылға арналған кеңестер

Мерген белгісіндегілер қимыл-қозғалысқа бейім болғандықтан жаңа әсерлерсіз, саяхатсыз өмірін елестете алмайды. Бірақ бұл үшін сонша ақша шығындаудың қажеті қанша?! Есесіне өзгелердің де саяхатын ұйымдастырып, пайдалы болсаңыз, өзіңіз де пайдасыз қалмайсыз.

Көңіл-күйі құбылмалы болғандықтан айналасын тез ренжітіп алуы мүмкін. Егер өзіңізді сырттай бақылай алсаңыз, шындыққа тура қарай алар едіңіз. Музыканы сезіне алатын зеректігі кейде елеусіздеу көрінгенмен, талантын танытуға жұмыс істесе жемісті болмақ. Мерген белгісіндегілер – ортаның нағыз гүлі ғой, өнер оның бағын ашуы бек мүмкін.

ТАУЕШКІ

Жыл иесі сұр Тышқан тәкаппар мен шыдамсызды аса жақсы көрмейді, сондықтан Тауешкі белгісінде туғандар үшін бір мезгілде сабырлы, оптимист болуға тура келеді. Қандай жағдайда да жасымайтын адамдар жыл иесіне ұнайды.

Жылдың бірінші жартысында серіктестермен, жақын адамдармен арада түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Әр сөзіңізге абай болғайсыз. Бір сәттік сезімдер үшін іскерлік байланыстарды екінші орынға ығыстырмаңыз. Сәл осалдық таныту – бүкіл еңбегіңізді зая кетіруі мүмкін.

Жыл аяғында қаржы талап етілетін өзгерістер күтеді. Жаңа табыс көзін іздей бастайсыз. Егер жалқауланбай жаңа дағдыны меңгеріп, білім жетілдіретін болсаңыз, жақсы ақша сізге өз аяғымен келеді.

Махаббат

Тауешкі белгісінде туған ер-азаматтардың табысқа жетуі үшін жоспар, кепілдік және жанкешті табандылық керек-ақ. Өзімшілдігіңіз жарға жықпасын десеңіз, биыл сәл-пәл амбицияңыздың аптығын баса тұру керек. Бойдақтар тағдырына әсер ететін адамын жолықтырады. Ол оның болашақ жұбайы әлде сенімді серіктесі болуы мүмкін.

Теуешкі белгісінде туған қыз-келіншектер – шебер ұйымдастырушы, ұжымда немесе бизнесте міндеттемелерді мінсіз бөлуде одан артығын табу мүмкін емес. Осы қасиеті биыл өмірінің жаңа парағын ашады. Өзіңізге қарауға уақыт табыңыз. Сіз сезім мен махаббатта жолы болған адамсыз.

Денсаулық

Жыл өткен сайын күшіңіз сарқылып бара жатқанын сезінсеңіз, аурудың алдын алуға көңіл бөліңіз. Салдары созылмалы сырқатқа ұласудан сақ болыңыз. Ешбір жағдайда да өз өзіңізді емдемеңіз – дәрігерге қаралыңыз. Құлақ, тамақ ауруларын асқындырып алудан абай болыңыз. Темекіні тастаңыз.

Қаржы

2020 жылы қаржылық жағдай біраз жүйкеңізді жұқартуыңыз мүмкін. Ақшаға үнемді Тауешкі белгісіндегілер үшін шұғыл қаржыға мұқтаждық оңайға түспесі анық. Жылдың екінші жартысында жоғалтқаныңыз орнына келеді. Азырақ күш салсаңыз, жақсы табыс көзін табасыз. Тышқан жылы қарыз беретін жыл емес. 

2020 жылға арналған кеңестер

Тауешкі белгісіндегілер жұрттан көргенін істеуге аса құлықты емес, сондықтан өзгеге таңсық істі бірінші болып бастау үлкен табыс әкеледі. 2020 жылы кез келген ғылым саласының мамандары үшін жемісті болады.

Айналаңыздан қолынан келмейтін істі талап етпеңіз, сонда жұрттың сіз туралы пікірі қалай өзгеретінін өз көзіңізбен көресіз.

СУҚҰЙҒЫШ

Биыл ұнамайтын жұмысты істеу сізді ақылдырақ етеді әрі тәжірибе жинайсыз. Бұл да – сіз жүріп өтетін жол. Әрине бұған ішкі қуат керек, бұл сізде бар. Жаңашылдыққа ұмтылсаңыз, қаржы мәселесінде біраз мәселе шешімін табады. Жыл иесі Тышқан болғандықтан сәл жұмсағырақ болған жөн, адамдармен қарым қатынаста мейірімді көзқарас керек.

Қаншалықты күш салсаңыз, соншалықты жеңіске жетесіз. Бастаған істі жарты жолдан тастап кету арқылы тек өз өзіңізге ғана зиян келтіресіз, бұдан түсетін көк тиын пайда жоқ.

Махаббат

Суқұйғыш белгісінде туғандар ер-азаматтар – достыққа берік, жақсы одақтас. Бұл – жақсы қасиет. Алайда бұл кейде біреудің тасасында тұрып табыс табуға итермелейтіндіктен, 2020 жылы мынаны ескерген жөн: үнемі жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүремін деу бекер. Биыл жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады, ең бастысы, мақсатыңызды айқындап алыңыз. Бойдақтардың да өзіне қандай адам керегін нақты білгені жөн. Ал отбасылы адамдарды жанға жайлы жақсы жыл күтеді.

Суқұйғыш белігісінде туған қыз-келіншектердің ойын, бойын жинақтағаны абзал. Тышқан жеңіл ойлылықты жақсы көрмейді. Дүкен аралау деген сөз міндетті түрде зат сатып алу дегенді білдірмейді. Сыртқы келбетіңізді өзгертесіз. Бұл – сіздің ішкі жаңаруыңыздың қадамы. Махабатта жолыңыз болады.

Денсаулық

Суқұйғыш белгісінде туғандар жұмыс десе барлық күш-жігерін сарқып жұмсайтындықтан, биыл сәл бәсеңсіп, денсаулығына көңіл бөлуді ойлаған жөн. Жұмысқа да, демалысқа да уақыт табуды үйрену керек. Адамның өзін өзі аямай жұмысқа салуы асқазан мен жүрекке, бауырға күш түсіретінін білген жөн. Тынықтыратын дәрілік шөптердің тұнбасын ішу өте пайдалы. Зәр шығару жолдары ауырса, уақыт өткізбей дәрігерге қаралу керек. Аурудан қашып құтылу мүмкін емес.

Қаржы

Кіріс пен шығыс дәптеріне мұқият болу несие мен қарызданудан құтқарады. Қаржылық тығырыққа тірелсеңіз, достарыңыз да, ағайын-туған да көмектесе алмайды. Сондықтан жыл басынан ақша мәселесіне ұқыптырақ болыңыз.

2020 жылға арналған кеңестер

Суқұйғыш белгісінде туғандардың басты құндылығы – еркіндігі. Махаббат пен достықты да ішкі еркіндігін сезіне алса ғана қабылдайды. Биыл өмір ақ пен қара түстен ғана тұрмайтынын, оның сан алуан түске боялатынын сезесіз. Сондықтан жан үйлесімділігі үшін ішкі «меніңізді» ұмытып қала да білу керек.

БАЛЫҚ

2020 жылы терең тыныс алып, өз өзіңізге келіп, баяу болса да алға басасыз. Былтырғы қателіктерден сабақ алғаныңызды сезесіз. Күш-қайратыңызды азғантай жөндеу жұмыстары, үйдің құжаттарын реттеу сияқты ұсақ-түйек нәрсеге емес, одан маңыздырақ мәселеге жұмсаңыз. Сіз де біртұтас ғаламның бір бөлшегісіз ғой.

Жылдың бірінші жартысында жұмыс істесеңіз, жазға қарай армандаған демалысыңызды алып, сергіп қаласыз.

Махаббат

Балық белгісінде туған ер-азаматты да, қыз-келіншекті де интрига аса қызықтырады. Олар өмірінің бір күнін шытырмансыз елестете алмайды. Бақытқа қарай Тышқан жылында мұндай қызықтардың сізге ешбір зияны жоқ. Сүйіспеншілік сезімі, құндылықтар үйлесімі бақытты отбасының негізін қалайды.

Театр, мейрамхана, авторлық саяхат, ай сайынғы қомақты табыс – бәрі де биылғы жылдың сізге арналған тартуы.

Денсаулық

Денсаулығыңда алаңдайтын ештеңе жоқ. Күн тәртібін қатаң қадағалау, уақытылы тамақтану, спорт – сергектік сыйлайды. Аллергия байқасаңыз, дереу дәрігерге жүгірген дұрыс.

Қаржы

2020 жылы ақшадан қысыла қоймайсыз. Қаржылық тұрақтылықты сезіну – Тышқан жылының басты ерекшелігі болады. Оны өзіңіз де сезесіз. Наурыз, шілде, қазан және қараша айларында ақшамен реттелетін шаруаларда, іскерлік байланыстарда салқынқанды болған жөн.

2020 жылға арналған кеңестер

Балық белгісінде туғандардың ішкі түйсігі мықты дамыған. Оларды ешқашан ішкі сезімі алдаған емес. Биыл да бұл сеніміңізге сызат түсірмеңіз. Ертеңді ғана ойламай, бүгінде де жақсы өмір сүруді ұмытпаңыз. Кейде қазір, осы дәл қазіргі қалауыңыз жан рахатына бөлейтінін қаперде ұстаңыз.

 

2020 жылға жасалған астрологиялық болжам

Фото: hohotu.ru

Тышқан жылы – жыл санағы бойынша жаңа айналымның басы. Осыған сәйкес, 2020 жыл да жаңа бастамалар үшін сәтті болғалы тұр. Өміріңізді жаңа арнаға бұрғыңыз келсе, дамудың жаңа сатысына шығуды қаласаңыз, жаңа кәсіп бастағыңыз келсе – осы жылдың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Дәл 2020 жылы жүзеге асқан бар шаруа алдағы 11 жылға іргетас болмақ.

Карьера және кәсіп

Болжамшылар сөзіне сенсек, бұл жыл жақсы болғалы тұр. Әсіресе, қызмет, мансап, кәсіп жағынан толағай табысқа, білім алу, тұлғалық даму жағынан мүмкіндіктерге толы.

Тышқан жылы барша жаннан белсенді, еңбекқор болуды талап етеді. Бұл жылы өзіңізді баптамай, баққа сеніп отыра беруге болмайды. Жылдың бар тәттісі, жемісі де, жеңісі де тек оған лайық болғандарға, тынбай тірлік еткендерге ғана бұйырады.

Бұл жылы мансап баспалдағымен жоғары көтерілгісі келгендерге талмай жұмыс жасауға тура келеді. Қызмет бабындағы негізгі міндеттермен қатар, өзіңізбен, мінез-құлқыңызбен жұмыс жасаңыз. Рухани өсуге талпыныңыз. Қорқынышты жеңіп, тәуекелге бел байлауды, жаңа білім алып, бұрын жасамаған нәрселерді үйренуді қолға алыңыз. Бірақ, алға жылжуым керек деп біреудің жолын кесіп кетуден барынша сақ болыңыз.

Оқи отырыңыз:

Жұлдызнама бойынша: КҮЙЗЕЛІСпен қалай КҮРЕСУ керек?

Қаржы жағы қалай болмақ?

Астрологтар осы жылы тез баюдың жолын іздемеуге, дүниеқоңыздыққа салынбауға кеңес береді. Сондай-ақ, қара басының қамын күйттемеу мен біреудің жолын кеспеуді де ерекше атап өтуде. Өйткені, мұндай әрекеттердің жазасы 2020 жылы әдеттегіден әлдеқайда ауыр болмақ екен.

Сонымен қатар ақшасын желге шашпай, үнемдеп жұмсай білгендердің несібесі арта түседі. Астрологтар қарыз алмауға, жақсы танымайтын жандарға қарыз бермеуге шақырады.

Жеке өмір жайлы не дейді?

Бұл жылы көпшілік адамдар мансап пен кәсіпке, қаржылық жағдайға баса мән беріп кеткендіктен, жеке өмір елеусіз қалып кетуі мүмкін. Cалдарынан түсініспеушілік, реніш көп туындайды. Оны болдырмау үшін алдын алу керек. Жақындарыңызға бұрынғыдан да көбірек көңіл мен уақыт бөліңіз. Айналаңыздағы адамның бәріне сый-құрметпен қарап, сынап-мінеуден, тік мінез танытудан, талап қоюдан аулақ болған абзал.

Жылдың мезгілдері жайлы ма?

Болжамшылар жыл басында біршама қиындықтар болатынын айтуда. Кейбір белгі иелері үшін жылдың бастапқы үш айы нағыз сынақ мерзімі болуы ма ықтимал. Тек төзімді бола білу керек. Сыннан сынбай өткендердің өмірі сәуір-мамыр айларында жақсы жаққа қарай өзгереді.

Жаз мезгілі – жылдың ең жайлы, жайбарақат бөлігі болғалы тұр. Жыл басынан бергі төккен тер, атқарылған шаруа, жасалған еңбектің жемісін жаз айларында жейсіз. Жеткен жетістіктің деңгейін айқындап беретін де – осы жаз. Жылдың қалған айларын құрдан-құр өткізгіңіз келмесе, тамыздың соңын ала етек-жеңіңізді жинап, жаңа жоспар құрыңыз да, іске кірісіңіз.

Ойға алған тірлікті тындырып тастауға, көздеген мақсаттың межесіне жетуге ең оңтайлы шақ – қыркүйек. Біраздан шешімін таппай тұрған, қордаланып қалған мәселелер болса, оларды қарашаның соңына дейін шешіп тастауға барыңызды салыңыз.

2020 жылы кімдердің жолы болады?

Тышқан жылы туғандардың өз белгісі болғандықтан, жайлы да жылы өтеді. Кәсібі өрге домалап, несібесі артып, мансап баспалдағында биіктерге шығады. Отбасылық жағдайы да жаман емес, жақындарының қолдауы мен махаббатына ие. Тек жұлдызшылар ұсақ-түйек үшін күйіп-піспеуге, спортпен айналысуға, өмірге позитивті көзқараспен қарауға шақырады. Осылай еткен жағдайда денсаулыққа төніп тұрған қауіптің алдын аласыз.

Сиыр жылы туғандар үшін Тышқан жылы оңайға түспейді. Әйткенмен, басы қатты болса, аяғы тәтті болатынын ұмытпау керек. Жалпы, Сиырлар өзін дамытуды, рухани баюды қолға алса, жыл жемісті болғалы тұр.

Барыс жылы дүние есігін ашқандарға да Тышқан жылы қайырымды. Жеке өмір мен қызмет орнында аздаған келіспеушіліктер болуы мүмкін. Қуанышты сәттер де жоқ емес, бар назарды соған салыңыз. Ал кедергілер мен келеңсіздіктерге өмірдің өткінші сынағы деп қараған абзал.

Қоян жылы туғандарды бұл жылда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ол жаңа достар, жаңа әуестік, жаңа қызмет не жаңа үй болуы мүмкін. Шекара асуыңыз да ғажап емес. Ойда жүрген жоспарларды жүзеге асыруға оңтайлы жыл. Тек ескі достарды естен шығармай, өзгелердің кеңесіне құлақ түре білсеңіз болғаны.

Ұлу жылы туғандар үшін бұл жылы сәттілік пен сәтсіздік кезектесе келгелі тұр. Қандай жағдай болса да салыңызды суға кетірмеңіз. Бәрі де өткінші. Бәрі оңалады. Оған қоса, жаныңыздан қолдау білдіретін жандар қашан да табылады. 2020 жылдан төбеңізді көкке жеткізетін жаңалық күтіңіз.

Жылан жылы туғандарға келер жыл қомақты қаржы ағынын ұсынады. Алайда, оңды-солды шашылудан аулақ болыңыз. Тышқан үнемшілдікті ұнатады. Мол табыспен қоса, пайдалы, ықпалды тұлғалармен жаңа таныстықтар да көп болмақ.

Жылқы жылы туғандарды 2020 жылы жеке өмірде де, мансап жолында да жағымды жаңалықтар күтіп тұр. Көптен бергі бір арман – саяхатқа шығудың реті келеді.

Қой жылы дүниеге келгендердің қызмет пен кәсіпте тасы өрге домалайды. Алайда, жеке өмірде аздап қиыншылықтар болмай тұрмайды. Бастысы, қандай мәселе болса да өз ішіңізде сақтамай, жанашырлармен бөлісіңіз, көмек сұраңыз. Сонда жеңіл-желпі өтеді де кетеді.

Мешін жылы туғандардың жеке өміріне Тышқан жылы біршама есте қаларлықтай жағымды сәттер, жеңіс сыйлағалы тұр. Жаңа таныстықтардың барлығы дерлік жақын достыққа ұласады. Сондай-ақ, қаржылық жағынан да сәттілік күтуде. Тиімді ұсыныстар мен мүмкіндіктерді қалт жібермеңіз.

Тауық жылы туғандар да жолы болғыштар мен жеңімпаздар қатарынан табылады. Сәттілік қашанда Тауықтармен бірге. Ұсынылған сыйдан бас тартпаңыз және ойдағы жоспарларды ж.зеге асыруға асығыңыз.

Ит жылы туғандарды да өмірдің барлық саласында жағымды жайлар күтіп тұр. Тек өмірді өзгертем деп тыраштанбай, қолда барға қанағат етсе болғаны. Әсіресе, жеке өмірде.

Доңыз жылы туғандардың бұл жылы сәттілікке, баққа үміт артуы бекер. Оларға бәрі тек төккен термен келеді. Жетістікке жету үшін жан аямай еңбектену шарт. Дұрыс бағытта батыл да табанды қадамдар жасаса, еңбегі де, үміті де толығымен ақталады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

2020 жылға арналған жұлдыз жорамал

2020 жыл барлық жұлдызнама белгілері үшін қарқынды жыл болмақ. Жағымды өзгерістер мен мүмкіндікер жылдам шешім мен еңбекті талап етеді. 

Тоқты:
Жыл бойы Тоқты белгісінде туғандар үшін тынымсыз болмақ. Олар өздерін шегі жоқ тауға саяхаттағандай сезінеді. Олар бірнеше саладағы әртүрлі мәселені қатар шешуге мәжбүр. Ең қиыны соның бәрі бір уақытқа сәйкес келеді. Бірақ, берілмей, істі соңына дейін жеткізсе, Тышқан жылы сыйлықсыз қалдырмайды.   Осы жылы өзіңіз білмейтін белгісізі қырыңызды ашуыңыз мүмкін. Соны тұншықтырып алмаңыз. 

Торпақ:
Жинақылық, жауапкершілік, естілік 2020 жылы торпақ белгісінде туғандарға серік болады. Бірақ, көңіл көтеруді жақсы көретін Торпақтар осы жылы өзін көп нәрседен тыяды. Есесіне, еңбегінің жемісін жыл аяғында көреді.Одан бөлек, биыл бастаған ісі оны бірнеше жыл бойына қаржымен қамтамасыз етеді. 

Егіздер:
Өткен жылы бар назарыңызды жұмысыңызға бөліп, қарым-қатынасқа келгенде тұйықталып қалса, биыл олар уақытын достары мен отбасына арнайды. Бірақ, кез келген адамға ашыла бермеген жөн. Осы жылы егіздер көп шығындалады: жаңа дизайнерлік киімдер, жиһаз бен техникалар сатып алады Бірақ, шығындалу олардың жаңа табыс көзін іздеуіне бастама болады. 

Шаян:
Шаяндардың мақсат қоя білетіндігі және олардың кез келген істі тез меңгеретіні олардың беделін арттырады. Жыл бойына барлық істі аяқтауға уақыт жеткіліксіз көрінеді. Бірақ, уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені, бұл жыл шаян белгісімен туғандардың жағында. Олардың барлық сала бойынша жолы болады. 

Арыстан:
Жаңа жыл Арыстандар үшін сәтті болмақ: өмірлері жаңа таныстармен толығады, жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Керемет эмоциялар сыйлайды. Арыстан белгісінде туғандар қатты ғашық болуы мүмкін. Бірақ, бұл ғашықтық оның өз міндеттеріне ұмыттырады. Дер кезінде өзін қолына алмаса, қиындыққа тап болуы әбден мүмкін. 

Бикеш:
Жұлдыздар бұл белгімен туғандар ойын жинақтап, асықпай шешім қабылдап үйренуге кеңес береді. Егер олар шынайы мүмкіндіктерді дер кезінде аңғармаса, жыл олар үшін қиын болуы мүмкін. Бикештер өздерінің стилі мен имиджін өзгертеді. Жұмысын өзгертіп, бөтен аймаққа көшіп кетуі де мүмкін. Шешім қабылдамай, ұзақ жүріп алудан сақ болғаны абзал. Өйткені, бұл күйзеліске бастайды.  

Таразы:
Келесі жылы таразы белгісінде туғандар әр сәтінен ләззат алып үйренуі керек. Асықпай жоспар құрып, әр кезеңнен кезеңғе салмақты түрде адымдайды. Олардың аналитикалық ойлау қабілеті мен ішкі түйсігі ешқашан алдамай, оларға дұрыс жол сілтейді. Жақын жандарының қасында болғаны дұрыс.

Сарышаян:
Тышқан мен сарышаян – бір-бірімен сыйыспайтын, үйлесімсіз жануарлар. Сол себепті биыл сарышаянды түрлі сынақтар күтеді. Кез келген істі тек ойланып қолға алған дұрыс. Асығыс шешім шығынға алып келеді. Бірақ, бұл тоқтап қалу деген белгі емес. Керісінше, алға жылжыған сайын сарышаяндардың жолы анығырақ бола түседі. Жақындарына көңіл бөлуді ұмытпағаны жөн. Кажетті энергияны айналасындағы адамдар ғана береді. 

Мерген:
Мергендер олардың жоспары өзі ойлағандай жылдам іске асатынына әбден үйренген. Бірақ, келер жылы кішкене кідіруге тура келеді. Қалыпты жағдайдан ауытқитын сәттер жиі кездеседі. Жыл мергендерге өз тәжірибесін қолдануға, өзін-өзі тануға мүмкіндік береді. 

Тауешкі:
Жыл басталған сәттен-ақ сатқындық пен алдаудың құрбаны болады. Бірақ, тауешкілер оңайлықпен берілмейді. Алдағы жыл сізге жаңа тәжірибелер алып келеді. Тың нәрсемен танысу үшін жаңа білім көзін іздеуге тура келеді. 

Суқұйғыш:
Алдағы жыл сіз үшін түрлі сынақтарға толы болады. Әріптестерімен арада түсініспеушілік және қаржы қиындықтары туындайды. Бірақ, ашық-жарқын суқұйғыштар бұдан бір жолын тауып шығады. Кез келген құмар ойындарынан алшақ болғаны жөн. Өйткені, олардың дер кезінде тоқтауы өте қиын.

Балық:
Кейінге шегеріп жүрген істерді іске асыратын жыл келді. Ең күшті энергия көзі олардың ойымен бірге болады. Сондықтан, әр қадамын сенімді түрде басқаны абзал.

ЖҰЛДЫЗНАМА – 2020 | Otyrar.KZ

ТОҚТЫ (21.03 — 20.04)
Жаңа жылдың ақпанында бұрын байқамаған жаңа мүмкіндіктеріңіз ашылады. Көктем келе өміріңізде жаймашуақ кезең туады. Өз-өзіңізге сенімділік арттыратын жайттар көбейеді. Жаңа іс, жобалар бастауға өте қолайлы кез. Басыңыз тұнған идея. Соны іске асыруға шабытыңыз артады. Маусым айы қызметіңізде сәттіліктерге жол ашылады. і. Жаздың қалған айлары аздап көңілсіз өтуі мүмкін. Бірақ күз басында қаржылай жағдайыңыз жақсарады. Жылжымайтын мүлік сатып алу не тағы басқа да қомақты сауда жасайсыз. Жыл соңы бұрын білмеген, ерекше адамдармен танысу сияқты қызықты сәттерімен есте қалады.

ТОРПАҚ (21.04 — 20.05 )
Торпақтарды жақсы жыл күтеді. Жылдың бірінші жартысы жайлы және риясыз өтеді. Салқынқандылықты жоғалтпаңыз. Эмоцияға беріліп, қателікке бой алдырмаңыз. Ақпанда қанша тырыссаңыз да ісіңіз алға баспауы мүмкін. Әйткенмен көктем келе барлық салада жолыңыз ашылады. Жұмысыңызда, жеке өміріңізде ақ жолақ басталады. Тамызда біршама қиындыққа тап келесіз. Отбасыңыздың қолдауымен қиындықтан шығасыз. Күзде, әсіресе, қазан айында денсаулығыңызға мән беріп, күтінгеніңіз дұрыс. Жыл соңы өзіңіз қалаған ісіңізбен айналысуға мүмкіндік туады. Өміріңізде маңызды рөл ойнайтын адамдарды жолықтырасыз.

ЕГІЗДЕР (21.05 — 20.06 )
Жыл қарама-қайшылықпен басталуы мүмкін. «Дұрыс келе жатырмын ба, аралас-құралас адамдарым шынымен жақсы ма?» деген сауалдарға бас қатырасыз. Ақпанда тіпті, ұрыс-керіске дейін барып қалуыңыз кәдік. Дегенмен, кейін жайлы кезең туады. Ешқандай қиындыққа тап келмейсіз. Бәрі өз ағымымен, сіз күткендей өтеді. Жыл ортасында ынтық сезімге толы романтикалық қарым-қатынас туындайды. Жазда коммерциялық мәселелерді шешсеңіз, күзде жыл бойына жеткен нәтижеңізге қуанасыз. Жеке және қызметіңізде жақсы жаңалық болады, жаңа мүмкіндіктер туады.

ШАЯН (21.06 — 22.07)
Жылдың алғашқы айлары жайлы болмауы мұмкін. Отбасы және жақындарыңыздың арқасүйер адамына айналасыз. Көп жауапкершілік артылады. Өз істеріңізді кейінге шегеріп, сол үшін өзіңізді жегідей жей бастайсыз. Қолайлы кез сәуір айының ортасынан туады. Барлығы бір ағысқа түсіп, жақсарады. Бұрын мазалап жүрген мәселелер достарыңыздың арқасында шешімін табады. Осы кезде болашаққа жаңа жоспарлар құрасыз. Күзде тышқан жылына ренішіңіз сейіліп, жеткен жетістіктеріңізге көңіліңіз шаттанады.

АРЫСТАН (23.07 — 22.08)
Жыл басы арыстандарға сәтті де жайлы өтеді. Жаңа жылдың алғашқы айлары бұрын істей алмаған тірліктеріңіз жүреді. Жеке өміріңізге және жұмысқа қатысты маңызды шешім қабылдайсыз. Кейбір арыстандар некелеседі. Наурыз және сәуір айлары қиын өтуі ықтимал. Мүмкін болса, маңызды істерді жоспарламағаныңыз абзал. Алыс сапарға да шықпаңыз. Маусымнан бастап, тірлігіңіз оңалып, көңіл-күйіңіз жақсарады. Шығармашылыққа ден қойыңыз. Жыл соңына дейін қызық және ерекше нәрселер жасайсыз. Желтоқсанда өз-өзіңізге есеп беретін кез. Келер жылды жоспарлайсыз. Бәрі өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз.

БИКЕШ (23.08 — 23.09)
Жыл сәтті басталады. Алғашқы айларында жұлдызыңыз оңынан туады. Қаңтар-ақпанда басқаларды жаңа істерге, жаңа шыңдарға жетелейсіз. Көпке үлгі боласыз. Серіктес, пікірлес достар тауып, жаңа жоба бастайсыз. Ой түбінде жатқан ескі жобаңыз іске асуы ықтимал. Сәуірден бастап кедергілерге тап болуыңыз мүмкін. Күрес көбейеді. Бірақ, ағысқа қарсы жүзу ешқашан оңай болмайды. Мұны ұмытпасаңыз, күзде еңбегіңіздің жемісін көресіз. Қазанда жаңа мүмкіндіктер күтеді. Желтоқсанда алға жаңа мақсаттар қойып, келесі белестерді бағындыруға кірісесіз.

ТАРАЗЫ (24.09 — 23.10)
Жыл жемісті, бірақ аздап мазасыздау басталуы мүмкін. Сіз күтпеген жайттар болып, тез-тез алмасуы, тіпті сізді абдырата бас-тайды. Кейбір шешімдерді қабылдауда сақ болыңыз. Әсері басқаларға тиіп кетуі мүмкін. Дегенмен, кейбір тығырыққа тірелген сәттерде шешім тауып кетесіз. Жылдың алғашқы сәтінде болған жайттар өмірге көзқарасыңызды өзгертеді. Құндылықтарыңыз өзгеруі мүмкін. Бұрын маңызды болған істерден бас тартуыңыз да әбден ықтимал. Ең қызық сәттер жыл соңында күтеді. Жыл бойына жеткен жетістіктер, жаңа орта сіздің дұрыс жолда екеніңізді көрсетеді. Өзіңізді мақтан тұтасыз.

САРЫШАЯН (24.10 — 21.11)
Жаңа жылдың басы қарбалас басталады. Кінәліні іздемей, бірден мәселелерді шешуге кіріссеңіз, көп нәрсе ұтасыз. Ақпан, наурыз, сәуір айлары сәтті өтеді. Жұлдызыңыздың оңынан туғанын пайдаланып, үлкен істердің бастауын осы кезеңге қойыңыз. Өзгеріңіз, өсіңіз. Жаңа жолда, жаңа істе жаңа серіктестер табасыз. Мамыр-қыркүйек арасы біршама қиын өтуі мүмкін. Жеке өміріңізде де күрделі кезең туады. Дегенмен, өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз, сонда қиындықтарды еңсересіз. Қазан айынан бастап жаңа шыңдарға шығасыз. Жаныңыздағы адамдарды жақыннан танып, ортаңызды реттеп алатын сәт дәл биыл болады.

МЕРГЕН (22.11 — 21.12)
Жылдың алғашқы айлары сәтті өтеді. Жаңа білім алып, соның жемісін көп ұзамай көресіз. Осы кезде ішкі түйсігіңізге құлақ асқан жөн. Жыл басы жаңа мүмкіндіктерге толы. Наурыз-тамыз аралығында істейтін шаруаларыңыз бастан асады. Бірін бітірсеңіз, келесісі дайын тұрады. Бірақ, бұл қарбалас пен әурешіліктен соң, жарқын кезең туады. Жыл соңы қалыпты, жайлы өтеді. Біраз қалауыңыз бен армандарыңыз орындалады. Жұмыста келешегі бар ұсыныстар туады.

ТАУЕШКІ (22.12 — 19.01)
Жаңа жыл әрқилы сезімдердерге толы өтеді. Бірде зеріктірсе, енді бірде қызықтырады, енді бірде мазасыз болса, тағы бірде шаттыққа бөлейді. Кейде боп жатқан жайттарды өзіңіз бақылаймын деп ойлайсыз, алайда мұндай мүмкіндік туа бермейді. Көп жағдайлар сіздің жоспарыңыз бен көзқарасыңызды түбегейлі өзгертеді. Сәуірге дейін қажет ақпаратты жинақтап, керек адамдарыңызбен аралассаңыз, басқаша бір шешімге келесіз. Мамырдан бастап еңбекке кірісіп, басыңыздан өтетін күндер оңайға соқпайды. Қалған айлар жайлы өтеді. Ісіңіз өрге жүре бастайды. Мақсатыңыз бен жоспарыңыз дәл осы кезде нақты айқындалады.

СУҚҰЙҒЫШ (22.01 — 18.02)
Бұл жылдан көп нәрсе күтпегеніңіз абзал. «Оңай жетістікке жетемін» десеңіз, қателесесіз. Дегенмен, ұтымды сәттер де туындайды. Тек соны тиімді пайдаланыңыз. Биыл үлкен арманыңыз орындалады. Наурыз ортасына дейін ісіңізді бір ретке келтіріп алсыз. Адам таңдауда, адам тануда пысық болыңыз. Сонда ғана ісіңіздің жүріп кетуіне ықпал етесіз. Мамыр және жаз айлары романтикалық кез болады. Жеке өміріңізде бақыт орнайды. Иллюзияға берілмей, сезіміңізді тежеп отырғаныңыз дұрыс. Қазан – қаржыңызды жақсартуға қолайлы ай. Ірі келісім-шарттар жасалып, өмір сапасын жақсартасыз.

БАЛЫҚТАР (19.02 — 20.03)
2020 жыл сізге қатты ұнайды. Жыл басы жұмыста келеңсіздікпен басталса да тәжірибеңізге және біліміңізге сеніңіз. Жұмысыңызды суда жүзген балықтай сезінесіз. Сондай-ақ, жұмыста басқаларға оң әсер қалдыратын қасиетіңіз де көп нәрсе шешеді. Өзіңізге демалыс жариялаңыз. Денсаулығыңызды ойлап, демалыс орындары мен сауықтыру кешендеріне барыңыз. Жаздың басы шаршатса, жыл соңы ең жарқын, ең тәтті сәттеріне толы. Саяхатқа тамыз айы өте сәтті. Күз – миды тынықтырып, жеке өміріңізге мән беретін мезгіл.

«Оңтүстік Рабат», №1-2, 8 қаңтар 2020 ж

"Ақшаның керегі болмайды!". 2020 жылға қатысты Ванга мен Нострадамус не айтып кетті

Ұлы көріпкелдердің айтып кеткендері әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие. Әрбір өткен жыл ол кісілер болжамдарының нақтылығын дәлелдеп келеді.

Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 - Ақ металл түсті егеуқұйрық жылы. Бұл белгі қытайлық жұлдыз жорамалында 12 жылдық циклдің ең басында тұр, сондықтан бұл маңызды жыл болып саналады.

Ванганың 2020 жылға арналған болжамдары

Біз Ванганың "алыс болашақ" деп болжаған заманында өмір сүріп жатырмыз. Ол оны көріп, өз болжамдарымен бөліскен. Бірақ көріпкел нақты күн мен жылды атап айтпайды, 20 жылдан, 30 жылдан, 40 жылдан кейін деп болжап айтып отырған. Әрине, әлем тез өзгеріске ұшырап, оның мәз-мазмұны да бір-біріне сәйкес келмейтінін уақыт көрсетіп беріп отыр, міне көріпкел осы өзгерген әлемді көріп, өз сөзімен сипаттай білген. Сондықтан Ванга айтты деген болжамдардың 2020 жылдың арғы және бергі жағына қарай ауытқуы болуы мүмкін екенін ескертеміз.

Фото: wikipedia

Әлемдік экономика

2020 жыл туралы көріпкел болжамдары халықаралық қаржы жүйесімен байланысты болып келеді. "Ақшаның керегі болмайды" деп болжаған Ванга. Цифр ақшаға айналады деді. Әрине, Ванга өмір сүрген заманда бұл болжамды "ақша мүлде қажет болмай қалады" деген тұжырым ретінде қабылдауға болар еді. Алайда, қазір мұны үлкен қаржы дағдарысы болатынын, оның әлемдік валюталар мәнін жоюға әкеліп соғады деп болжауға болады. Екінші жағынан, бұл кенеттен болатын жағдай деп қорқуға негіз жоқ. Өйткені бүгіндері ақша соғысының басталып кеткеніне өзіміз куә болып, доллар орнын басатын түрлі қаржы тетіктері сыналып жатқанын көріп отырмыз.

Оқи отырыңыз: "Жазалайды!". Көріпкел Бақыт Жұматова келер жылға қатысты болжамымен бөлісті

"Алдағы жылдары, әлемдік қозғаушы күшке ие, қайта өзгерту мүмкін емес бір өзгеріс болады". Ванга мұраларын зерттеушілер бұл бір нәрсенің Күн энергиясынан да асып түсетін жаңа бір энергия көзінің ашылуы (дәлірек айтқанда, біздің өмірімізге енуі) туралы болжам деп санайды. Айтқандай, Ванга бұл фактіні ақшаның керек болмай қалатын кезеңмен байланыстырып айтады. Осы жағынан алғанда, бұл жаңалық геосаясатта үлкен өзгеріс әкеліп, әлемді энергоресурстар саласымен байланысты ел басқарады дегенге меңзейтін секілді ме, қалай?..

Қоғам

Шамамен 2020 жылы Ванга Жер бетінде болған, бірақ жойылды деген кейбір дерттердің қайта бой көтеруі ықтималдылығын болжады. Ол адамдар қандай дертпен ауыратындығын нақты көрсетпеді. Бірақ біз бұл ретте өте мұқият болуымыз керек, өйткені мәселе көптеген адамның денсаулығына қатысты болып тұр ғой. Сарапшылар ұмтыла бастаған дерттердің өршуіне күн белсенділігінің жоғарылауы түрткі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда бұл болжамның өзі бізге үлкен үміт сыйлайды. Өйткені 2021 жылдан бастап Күннің белсенділігі қайтадан төмендеп, ол қалпына келеді.

Келер жылы Ванга Еуропада діни ахуал нашарлауы мүмкін деп болжады. Егер мұндайға жол берілсе, онда әр түрлі дінге табынушылар мен конфессиялар арасында өзара шиеленіс артуы мүмкін. Сонымен қатар, мәселе тек 2020 жылға дейін шектелмейді. Ол мұндай оқиғалар тізбегінің бастапқы буыны болуы мүмкін. Мұның бәрі кем дегенде бірнеше жылға созылады.

Нострадамустың 2020 жылға арналған болжамдары

Ұлы көріпкелдің айтып кеткендері әлі күнге дейін үлкен сұранысқа ие. Әрбір өткен жыл ол кісі болжамдарының нақтылығын дәлелдеп келеді. Осы факті де Нострадамустың 2020 жылға арналған болжамдарына ерекше көңіл бөлуге негіз болады. Онда атақты көріпкел болжамдарымен таныса отырайық.

Фото: Leemage/AFP

Дүниежүзілік соғыстар

Нострадамустың зерттеушілері 2020 жылға арналған болжам 27-ші катрен, 5-центурийге жататынын айтады. Ал оның француз тілінен алынған аудармасы мынандай:

- Қара теңіз отқа оранып, қылыштар жарқылдайды,

- Персия келіп, Трапезонды басып алмақ болады,

- Фарос пен Митилен төбесіндегі Күнді түнек басады,

- Адриатика толқыны арабтардың қанымен араласады.

Бұл былай түсіндіріледі: Иранның (Персияның) Грекияның кейбір аралдарын (Фарос және Митилен) басып алуға ұмтылыс жасауы, сондай-ақ Египет пен Түркияға басып кіру әрекеті ретінде. Шынында да осылай бола ма? Теориялық тұрғыдан алғанда, бәрі мүмкін, өйткені Иранның жағдайы кезең-кезеңмен ушығып барады, сондықтан мұның бәрі қаншаға созылатынын болжау мүмкін емес.

Тағы да: Доллар 360 теңгеге дейін арзандай түсуі керек - сарапшы

Бір қызығы, бұл Иранмен байланысты жалғыз катрен емес. Тағы біреуі бар - 25-ші катрен, 5-центурии:

- Жауынгер араб ханзадасы (олар біріккен кезде) Күн, Шолпан, Арыстан

- Шіркеу патшалығы теңіз жақтан алған соққылардан құлайды,

- Парсыға миллиондағандар қашып барады,

- Византия мен Египет басып алынады.

Бұл да Иран төңірегіндегі ауыр жағдайдың зардаптарын сипаттайды. Рас, мұнда Иран осы процеске қатысушылардың бірі ретінде көрінеді. Дегенмен катреннің түпкі мәнінен мұсылман әлемі христиандарға шабуылдап, ақырында олардың жеңіліс табатындығында. Мамандар бұл оқиғаның 2020 жылы ғана емес, сонымен бірге 2021 жылы да болу ықтималдылығын болжайды.

Сонымен қатар, бұл арада Византияны, ең алдымен, "мұсылман әлемі" деп түсінген жөн, тұтастай алғанда ол - Түркия, Иран және тағы басқа да елдер болуы мүмкін. Жақын болашақтағы болжамға 23-ші катрен, 2-центурииді жатқызуға болатын секілді. Оның аудармасы келесідей:

- Сарайда құстарды аулау басталады,

- Көп ұзамай ханзада да пайда болады,

- Жаудан өзен бөліп тұратын болады,

- Оны су асты арқылы қарусыздандырып, алыста отырып-ақ басып алады.

Бұл катрен араб әлемі халықтарының күрделі қарым-қатынастарын сипаттаса керек. Бір жерде билік ауысып, оны зұлымдар пайдаланып кетеді. Бұл мәселенің шешімі алыстан келеді, өйткені өзен дегенді "үлкен су" деп түсіну керек. Су асты әскери кемелерін (немесе басқа құралдарды) пайдаланып, белгілі бір мықты күш агрессорды бейтараптандырып, жағдайды бейбіт жолмен шешеді. Зерттеушілер бұл державаның Ресей екендігіне сенімді, бірақ ол туралы катренде нақты айтылмайды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Жұлдыз жорамал айлары. Жұлдызнама белгіні қалай білуге болады? • Түс Жору

Түс жору » Жұлдыз жорамал айлары. Жұлдызнама белгіні қалай білуге болады?

Егер «сіз өз жұлдызнама қалай білуге болады» деп ойлап отырсаңыз, біздің мақала ол сұраққа жауап береді.

Жұлдызнама айлары бойынша Зодиак белгілерінің жіктелуі.
Назарларыңызға жұлдызнамаға қысқаша сипаттама ұсынамыз.

Жұлдыз жорамал айлары. Жұлдызнама білгелер

Тоқты

Тоқты зодиак белгісі. Айы – сәуір басым. Туылған күні: 21 наурыз – 20 сәуір (кіреді). Белгісі – От.

Торпақ

Торпақ зодиак белгісі. Айы – мамыр басым. Туылған күні: 20 сәуір – 20 мамыр (кіреді). Белгісі – Жер.

Егіздер

Егіздер зодиак белгісі. Айы – маусым басым. Туылған күні: 21 мамыр – 21 маусым (кіреді). Белгісі – Ауа.

Шаян

Шаян зодиак белгісі. Айы – шілде басым. Туылған күні: 22 маусым – 22 шілде (кіреді). Белгісі – Су.

Арыстан

Арыстан зодиак белгісі. Айы-  тамыз басым. Туылған күні: 23 шілде – 22 тамыз (қоса санаймыз). Белгісі – От.

Бикеш

Бикеш зодиак белгісі. Айы- қыркүйек басым. Туылған күні: 23 тамыз – 22 қыркүйек (қоса). Белгісі – Жер.

Таразы

Таразы зодиак белгісі. Айы – қазан басым. Туылған күні: 23 қыркүйек – 23 қазан (қоса). Белгісі – Ауа.

Сарышаян

Сарышаян зодиак белгісі. Айы – қараша басым. Туған күні: 24 қазан – 22 қараша (қоса). Белгісі – Су.

Мерген

Мерген зодиак белгісі. Айы – желтоқсан басым. Туған күні: 23 қараша – 21 желтоқсан(қоса). Белгісі – От.

Тауешкі

Тауешкі зодиак белгісі. Айы-  қаңтар. Туған күні: 22 желтоқсан – 20 қантар (қоса). Белгісі – Жер.

Суқұйғыш

Суқұйғыш зодиак белгісі. Айы – ақпан басым. Туған күні: 21 қантар – 18 ақпан (қоса). Белгісі – Ауа.

Балық

Балық зодиак белгісі. Айы – наурыз басым. Туған күні: 19 ақпан – 20 наурыз (қоса алғанда). Белгісі – Су.

Сипаттамасы қызықтыратын жұлдызнама белгісін таңдаңыз:
Тоқты Торпақ Егіздер Шаян Арыстан Бикеш Таразы Сарышаян Мерген Тауешкі Суқұйғыш Балық

Достарымен бөліс:

Шығыс жорамалы жыл бойынша, қытай гороскопы, қытай жорамалы

21.12.2019 1 584 0 Admin

Бұл қызықты

Ақ тышқан жылы көптеген адамдарға бизнесте де, қаржыда да, жеке өмірде де табыс пен табыс әкеледі. Көптеген өмірлік мәселелерді шешуге болады. Өзгерістер, жаңа танысулар, тұрғылықты жерін ауыстыру - бұл көптеген Зодиак белгілерін күтеді.
Қытай жұлдыз жорамалы бойынша, доңыз орнына тышқан ауыстырып, қу және қызықты жануар жылы келеді. Астрологтар Зодиак белгісі бойынша да, туған күні бойынша да гороскоп құрды.
Тышқан
2020 жылы үлкен өзгерістер күтіледі. Астрологтар өз өмір жолдарындағы қиындықтардан қорықпауға кеңес береді. Маңызды шешімдер қабылдауға болады, олар бәріне сәтті болады. Тек махаббатта ғана емес, сонымен қатар қаржы мен мансапта да жол болады.
Сиыр
Осы жылы туған адамдарға демалуға болады. Сәттілік пен табыс ізімен жүреді. Барлық жоспарланған армандар жүзеге асады. Армандаған адамды кездестіруге мүмкіндік бар.
Барыс
Осы Зодиак белгісі өкілдерінің қаржылық мәселелері өте оңай шешілетін болады. Оларға өз денсаулығына ерекше көңіл бөлуге кеңес береді, қатты ауру ықтималдығы бар. Достар деп жүргендері шынайы сатқындар болып шығуы әбден мүмкін.
Қоян
Егер адамдар осы жылы дүниеге келсе, 2020 - да 25 қаңтардан кейін ең үлкен армандарды жүзеге асыра алады. Олар шынайы және адал достар табу ықтималдығы бар. Денсаулығы сыр бермейді, жеке өмір жаңа кезең келе жатыр.
Жылан 
Осы белгімен туылған адамдарға маңызды шешімдерді қабылдауға кеңес берілмеді, себебі олар іске аспай қалу қаупі жоғары. Өзінің бос уақытын өз денсаулығына бөліп, оған қатысты жеке мәселелерді шешуге кеңес береді. Саяхатқа шығу оң әсер алуға көмектеседі.
Қой
Ең алдымен өз денсаулығына назар аударуды ұсынамыз. Өмір бойы өзгерту, жылжымайтын мүлікті сатып алу, сондай - ақ махаббат қарым - қатынас мәселелерін шешу мүмкіндігі бар. Астрологтар міндетті түрде зиянды әдеттерден құтылуға кеңес береді, бұл денсаулық жағдайын жақсартады.
Жылқы
2020 жыл олар үшін өте ауыр болатынына дайын болу керек. Оның арқасында жеке өмірде де, үлкен биіктерге жетуде де мәселелерді шешуге болады. Жылдың екінші жартысында жалғызбасты жылқылар армандаған адамын кездестіруіне болады.
Қой
Ақ тышқан жылы қаржыға және сүйікті адаммен мәселелерді шешу табыс әкеледі. Барлық жоспарланған армандар орындалады. Астрологтар әлеуметтік желілерді аз пайдалануға кеңес береді, өйткені бұл депрессияға және интернетке тәуелділікке әкеледі.
Мешін
Отбасылық жұптар жаңа қызмет саласында өздерін іске асыра алады және көптеген өмірлік мәселелерді шешеді. Тышқан жылы үнемді болуға кеңес береді, салауатты өмір салтына ерекше назар аудару керек.
Тауық
Ақ тышқан қаржылық мәселелерді шешуге көмектеседі, сіз аздап демалуға болады. Жыл өз бизнесін ашу үшін сәтті болады. Зиянды әдеттер денсаулық мәселесіне әкеледі.
Ит
Тышқан жылы жағымды және жеңіл болады. Өмірді ләззат және тағдыр ұсынатын түрлі міндеттерді шеше алады. Иттерге өздеріне көп уақыт бөлу керек. Имиджді өзгерту, жаңа киім сатып алу, ескі лақтыруға немесе беруге кеңес береді. Иттерге саяхат жасауға және армандарыңызды жүзеге асыруға болады.
Доңыз
Жыл қиын және кейде өте қауіпті болады, жеке өмірде де, жұмыста да көптеген мәселелерді шешу керек. Жоспардағылардың барлығы шындыққа айналады, бірақ жыл соңына қарай жақын. Тышқан бұл Зодиак белгісіне сәттілік әкеледі, отбасы өміріне ерекше назар аудару керек.

Жұлдызнама 2019 жыл

Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін құрметті портал қолданушылары, төмендегі жұлдызнама болжамын оқи отырыңыз. Сізді 2019 жылы қандай жаңалық күтіп

Отбасында ақшаның маңызы

Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі

Жұлдыз жорамал - 2017

2017 жыл Тоқтылардың бойында күш - қуат таситынын жұлдыздар уәде етеді. Алайда оны қайда жұмсарыңыздың білмей, бар істі күш сала атқаруға тырысасыз.

Жұлдыз - жорамал 2016

Мешін жылында өмірдің әр саласы түрлі оқиғаға толы болмақ. Қазір көңіліңізден шықпай жүргеннің бәрі: жеке өміріңіз, денсаулығыңыз бен қызметіңіз


Пікірлер (0)

Пікір білдіру

Қазақстандықтар 2020 жылы қалай демалады

2020 жылы қазақстандықтардың қалай демалатыны көпті қызықтыратыны анық. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы күнтізбеде ел тұрғындары үшін қанша демалыс күндері мен мерекелік күндер бар екенін анықтады.

Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы жыл қазақстандықтар үшін дәстүрлі мерекелік күндермен басталады. Яғни, Қазақстан халқы Жаңа 2020 жылды қарсы алған соң қаңтардың 1 мен 4 аралығында демалады.

5-қаңтар (жексенбі) мен 6-қаңтар (дүйсенбі) жұмыс күні болады. 7 қаңтар Рождествоның құрметіне ел тұрғындары тағы да демалады.

Сонымен қатар ел көптеген күтетін мерекенің бірі- 8-наурыз халықаралық әйелдер күні.

Бұл мейрамға орай қазақстандықтар үш күн демалады (7-наурыз сенбіге, 8-наурыз жексенбіге түсетіндіктен, 9-наурыз дүйсенбі демалыс болмақ).

Сондай-ақ, Наурыз мерекесінде тұрғындар 21-наурыздан (сенбі) бастап, 25-наурызға дейін (сәрсенбі) демалады.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл күн жұмаға түскендіктен, қазақстандықтар бірден үш күн (жұма, сенбі, жексенбі) демалады.

Жеңіс күніне орай ел тұрғындары 7-10 мамыр аралығында төрт күн демалады.

Ал 6-шілде Астананың туған күніне орай 4-6 шілде аралығында үш күн демалыс болмақ.

Конституция күнінде де ел тұрғындары үш күн қатарынан демалады (29-31 тамызда).

Одан кейінгі демалыстар тек желтоқсан айында болмақ. Тәуелсіздік күнінде ел тұрғындары төрт күн (16-19 желтоқсан) демалады. Сөйтіп жұмыс күні жексенбі күнінен басталмақ.

Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін NUR.KZ алдағы 2020 жылы болатын мерекелік және демалыс күндердің күнтізбесін жасады.

Фото: NUR.KZ


Смотрите также